Тбилисиде төртінші күн наразылық акциясы жалғасып жатыр

0
1 306

Бас прокурор отставкаға кеткен. Енді жиналған халық үкіметтің тарауын талап етіп жатыр.


Тбилисиде төртінші күн наразылық акциясы жалғасып жатыр

Тбилисиде төртінші күн наразылық акциясы жалғасып жатыр. Оған жүздеген адам қатысып жатыр. Грузия астанасы тұрғындарының жаппай митингке шығуына себеп болған - былтыр қаза тапқан екі жеткіншектің өліміне қатысты тергеу нәтижесі. Бұл туралы centralasian.org хабарлайды.

Акцияға қатысушылар билік басында отырған шенеуніктер қылмыстық істі әдейі жапты деп есептейді. Сот күдіктілердің кінәсі дәлелденбеді деген шешім шығарған. Наразылық білдірушілер елдің бас прокуратурасы қылмыскерді жасырып отыр дейді.

Бас прокурор отставкаға кеткен. Енді жиналған халық үкіметтің тарауын талап етіп жатыр. Грузия премьер-министрі Георгий Квирикашвили отставкаға кетуден бас тартты.