«Тірідей жанып кетті»: Үндістанда автобус өртеніп, 25 адам қаза тапты

0
520

​Қазіргі кезде оқиғаның себебі анықталып жатыр.


«Тірідей жанып кетті»: Үндістанда автобус өртеніп, 25 адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Үндістанның Махараштра штатында автобус өртеніп, соның салдарынан кем дегенде 25 адам қаза тапты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

ANI агенттігінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 1 шілдеде, яғни бүгін түнде болған.

Мәліметтерге сәйкес, түнгі сағат 02:00 шамасында ішінде 32 адам отырған автобус Яватмал қаласынан Пунаға қарай кетіп бара жатқан.

Полицияның хабарлауынша, автобус жүріп бара жатқанда белгісіз себептермен өрт шығып, салондағы 25 адам тірідей өртеніп кеткен.

Қалған зардап шеккендер ғайыптан аман қалған, олар ауруханаға жатқызылды.

Қазіргі кезде оқиғаның себебі анықталып жатыр.

Бұған дейін Қытайда автобустың үстіне тас құлап, 6 адам қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз.