Тойда асаба төбелес шығарды: қонақтар даяшылармен төбелесті (видео)

0
1 580

Қонақтар ыдыс-аяқты сындырып, мейрамхананы тас-талқан етті


Тойда асаба төбелес шығарды: қонақтар даяшылармен төбелесті (видео)

ERNUR.KZ. Үйлену тойының қонақтары Нью-Делидегі бес жұлдызды қонақ үйлердің бірінде ойран салды, деп жазады sputniknews.kz.

Желіде төбелестің видеожазбасы жарияланды. Видеода адамдар даяшыларға шабуылдап, оларды ұрып-соғып жатқаны көрінеді.


Әйелдер айқайға басып, бүлік салған мастарды тоқтатуға тырысады, алайды олардың мұнысынан түк шықпаған.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, адамдардың озбырлық әрекетіне некеге отыру салтанатын жүргізушінің тамақтың суып қалғанына шағымдануы себеп болған.

Салдарынан қонақтар ыдыс-аяқты сындырып, даяшылармен төбелесті.