Төлқұжатын ауыстырамын деп өз-өзіне тұрмысқа шығып кетті

0
1 037

Оқиға көші-қон қызметі өкілінің қателігінен болған.


Төлқұжатын ауыстырамын деп өз-өзіне тұрмысқа шығып кетті

ERNUR.KZ. Украинаның Днепр қаласы тұрғыны ресми түрде өз-өзіне тұрмысқа шықты. Жергілікті "Информатор" басылымының хабарлауынша, бұл оқиға көші-қон қызметі өкілінің қателігінен болған, деп жазады sputniknews.kz.

Қағаз төлқұжатты ID-картаға (Украина азаматының жаңадан бекітілген жеке куәлігі) айырбастап жатқанда, паспортшы әйел "Отбасылық жағдайы" деген жерге төлқұжат иесінің күйеуінің емес, өзінің есімін жазып қойған.

Енді жеке деректерді қарағанда, Анна Аннаға тұрмысқа шыққан дегенді көруге болады. Қызмет көрсету орталығы тілшілердің сұрағына қателікті "загсте" жөндеуге болады деп жауап беріпті. Бір қызығы, оларда тиісті құрылғы жоқ болып шықты. Әрине, көші-қон қызметі арқылы да "қайта күйеуге шығуға болады", бірақ ол үшін электронды кезекке алып, немесе орталыққа барып сол жерде кезекке тұруы керек.

Барлық мекемелерде тиісті құрылғының қашан пайда болатыны әзірге болашақтың еншісінде.