​Трамп үшінші дүниежүзілік соғыстың алдын алатынын айтты

0
890

АҚШ президентінің сайлауы 2024 жылдың қарашасында өтеді.


​Трамп үшінші дүниежүзілік соғыстың алдын алатынын айтты

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп үшінші дүниежүзілік соғыстың алдын алатынын айтты, деп жазады Stan.kz.

Ол АҚШ-тағы президенттік сайлауда жеңіске жетсе, Украинадағы жанжалды қысқа мерзімде шеше алатынын атап өтті.

"Мен билікке келгенге дейін бейбітшілікті күш арқылы қалпына келтіреміз. Ал сайлауда жеңіске жеткеннен кейін көп ұзамай мен Ресей және Украина арасындағы келісімге оңай қол жеткіземін", - деді Трамп.

АҚШ президентінің сайлауы 2024 жылдың қарашасында өтеді. Елдің қазіргі көшбасшысы, Демократиялық партияның өкілі Джозеф Байден сайлауға қатысатынын мәлімдеген еді. Трамп республикашыл, ол да қайта сайлануға ниетті екенін мәлімдеді.