Түрікменстанның жаңа президенті ел үкіметін отставкаға жіберді

0
819

Түрікменстан министрлер кабинетін тарату Түрікменстан Конституциясына сәйкес жүзеге асырылады.


Түрікменстанның жаңа президенті ел үкіметін отставкаға жіберді

ERNUR.KZ. Түрікменстанның жаңа президенті Сердар Бердімұхамедов мемлекет басшысы қызметіне кіріскеннен кейін ескі министрлер кабинетінің отставкаға кетуі туралы жарлыққа қол қойды, деп жазадыZakon.kz.

«Нейтральный Туркменистан» басылымының жазуынша, үкіметті отставкаға жіберу туралы жарлық президентті ұлықтау рәсімінің ертесінде шықты.

Түрікменстан министрлер кабинетін тарату Түрікменстан Конституциясына сәйкес жүзеге асырылады. Бұл ретте үкіметтің барлық мүшелері жаңа министрлер кабинеті жасақталғанға дейін жұмысын жалғастыра береді.

Еске салсақ, Түрікменстанда кезектен тыс президент сайлауы 12 наурыз күні өтті. Сайлауда 9 үміткер бақ сынады. Нәтижесінде 40 жастағы вице-премьер Сердар Бердімұхамедов жеңіске жетті.