Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті Cамарқанда өтеді

0
753

​Түркі мемлекеттерінің ұйымына Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан кіреді.


Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті Cамарқанда өтеді

ERNUR.KZ. Бауырлас елдердің жиыны қараша айының 11 жұлдызына жоспарланған. Биыл ұйымға Өзбекстан төрағалық етеді деп жазады inbusiness.kz.

Түркі мемлекеттерінің ұйымына Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан кіреді. Бақылаушылар елдердің қатарында Венгрия мен Түрікменстан бар.

Былтыр Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі 2021 жылғы 14 қарашада Ыстанбұлда өткен ТМЫК-ға мүше елдердің VIII саммитінде Түркі мемлекеттерінің ұйымы болып өзгертілді.

Түркияның Сыртқы істер министрі Чавушоғлу: "2022 жылы Түркі мемлекеттерінің саммиті өтеді. Самарқанд саммиті ынтымақтастығымыздың жаңа бетін ашады деп сенеміз", – деді мәлімдеді.