Түркіменбашы Бердымухамедов "комада жатыр" деген қауесет шықты

0
543

Бердымухамедовтің комаға түскені туралы ақпарат 21 қыркүйекте бірқатар ресейлік Telegram-каналдарында пайда болған.


Түркіменбашы Бердымухамедов

ERNUR.KZ. Түркіменстанның Ресейдегі елшілігі түркімен президенті Гурбангулы Бердымухамедовтің денсаулығы нашарлап кеткені туралы ақпаратты теріске шығарды, деп жазады zakon.kz.

Түркіменстан президентінің денсаулығы нашарлап кеткені туралы бірқатар БАҚ таратқан ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, деп мәлімдеді түркімен елшілігі.

Бердымухамедовтің комаға түскені туралы ақпарат 21 қыркүйекте бірқатар ресейлік Telegram-каналдарында пайда болған.

20 қыркүйекте Түркіменстанның мемлекеттік арналары Бердымухамедов видеобайланыс арқылы қатысқан үкімет отырысы жайында хабар таратқан.

Түркіменстан президентінің денсаулығы нашарлап кеткені туралы алып-қашпа әңгімелер осыған дейін де пайда болған. Оған президенттің көп уақыт көпшілік алдына шықпай қалғаны себеп болған.

Қазір Түркіменстан тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына дайындалып жатыр.