Түркия АҚШ-тың көңіл айту жеделхатын қабылдамады

0
1 357

13 қараша кешке Ыстанбұлдың Истикляль көшесінде жарылыс болды. Салдарынан алты адам қаза тауып, елу үш адам жараланды.


Түркия АҚШ-тың көңіл айту жеделхатын қабылдамады

ERNUR.KZ. Анкара Ыстанбұлдағы терактіге байланысты АҚШ елшілігінің көңіл айтуын қабылдамайды. Бұл туралы Түркияның ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

"Біз шабуылдың координациясы қай жерде жасалғанын білеміз. Бізге берілген жолдауды алдық және ол қандай жолдау екенін білеміз. Біз америкалық елшіліктің көңіл айтуын қабылдамаймыз. Біз ешкімге опасыздық жасаймыз, бірақ ондай әрекеттерге енді шыдай алмаймыз. Бүгін шабуыл жасаған адамды ұстамағанымызда ол Грекияға қашып кететін еді", - дейді министр.

Айта кетері, Сойлу Ыстанбұлдағы терактіге қатысты америкалық тараптың ұстанымын сынға алды. Алайда Анкара наразылығын тудырған нақты себепті айтқан жоқ.

Бұған дейін Ақ үйдің ресми өкілі Карин Жан-Пьер АҚШ-тың Ыстанбұлдағы зорлық-зомбылық актісін айыптайтынын мәлімдеп, жақын адамдарынан айырылғандарға көңіл айтты.
Еске салсақ, 13 қараша кешке Ыстанбұлдың Истикляль көшесінде жарылыс болды. Салдарынан алты адам қаза тауып, елу үш адам жараланды.
Түрік полициясы көшеде бомба қалдыруы мүмкін адамды ұстады. Алғашқы мәліметтерге қарағанда, жарылыстың артында Күрдістан жұмыс партиясы мен күрдтердің Халықтық өзін-өзі қорғау жасақтары тұр. Түркия билігі әйел адам жасаған жарылысты теракт деп бағалады.