Түркия президенті Швецияның НАТО-ға қосылуын мақұлдайтын құжатқа қол қойды

0
430

Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған Швецияның НАТО-ға қосылуын мақұлдайтын құжатқа қол қойды.


Түркия президенті Швецияның НАТО-ға қосылуын мақұлдайтын құжатқа қол қойды

ERNUR.KZ. Бұл туралы Түркия басшысының әкімшілігінен мәлім етті, деп жазады inform.kz.

«2023 жылдың 23 қазанында Швецияның НАТО-ға қосылуы туралы хаттамаға президент Режеп Тайип Ердоған қол қойып, құжат Түркияның Ұлы ұлттық жиналысының қарауына жіберілді», - делінген президент әкімшілігінің байланыстар жөніндегі басқармасының әлеуметтік желідегі парақшасында.

Кейіннен НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг Түркия басшысының бұл қадамына қолдау білдіріп, мәлімдеме жасады.

«Президент Ердоғанмен кездесуде айтып өткенімдей, бұл бүтін Альянсты қуатты әрі қауіпсіз ете түседі», - деді ол.

Сейсенбі күні Й.Столтенберг Швецияға барып, елдің премьер-министрі Кристерссонмен кездеседі.

Бұған дейін хабарланғандай, шілде айында Түркия Швецияның НАТО-ға қосылуын құптауға келісті. Оның алдында Анкара бұл ұсынысты қолдамай келген еді.