Украина АҚШ-тың Ресейге қарсы жаңа санкциясына қосылды

0
1 130

Украинаның Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі Ресейге қатысты өзінің санкция тізімін АҚШ-тың тізімімен бірдей етті.


Украина АҚШ-тың Ресейге қарсы жаңа санкциясына қосылды

Украинаның Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі Ресейге қатысты өзінің санкция тізімін АҚШ-тың тізімімен бірдей етті. Кеңес сонымен қатар Кремльге Қырымды аннексиялап алып, Донбастағы қарулы қақтығысқа киліккені үшін салған санкцияның мерзімін ұзартты. Бұл туралы Азаттық Радиосы жазады.

6 сәуірде АҚШ Ресейдің 24 азаматы мен 14 компаниясына жаңа санкция салған. Санкцияға іліккендер арасында миллиардерлер Олег Дерипаска, Виктор Вексельберг, Сулейман Керимов, Игорь Ротенберг, Кирилл Шамалов, ВТБ банкінің басшысы Алексей Костин, "Газпром" компаниясының басшысы Алексей Миллер, Ресей Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушев, Росгвардия басшысы Виктор Золотов, ішкі істер министрі Владимир Колокольцев және Роскомнадзор мекемесінің басшысы Александр Жаров бар. Ресей АҚШ-ты бұл шектеуіне жауап шараларын ойластырып жатыр.