Украинаның барлық аумағында әуе дабылы қағылды

0
1 173

Ресей Қарулы күштері Украинаның инфрақұрылымына соққы беруді 2022 жылдың 10 қазанында – Қырым көпіріндегі жарылыстан кейін екі күннен соң бастады.


Украинаның барлық аумағында әуе дабылы қағылды

ERNUR.KZ. Украинаның барлық аумағында әуе дабылы жарияланды, деп жазады sputnik.kz.

Карта дерегіне сәйкес, дабыл алдымен Киев қаласында, Львов, Полтава, Харьков, Днепропетровск, Николаев және Одесса облыстарында Астана уақытымен сағат 16.22-де қағылды. Қалған аймақтарда дабыл сағат 13.23 пен 13.25 аралығында жарияланды.
Ресей Қарулы күштері Украинаның инфрақұрылымына соққы беруді 2022 жылдың 10 қазанында – Қырым көпіріндегі жарылыстан кейін екі күннен соң бастады.
Ресей билігінің мәліметінше, жарылыстың артында Украина арнайы қызметі тұр. Елдің барлық аумағында энергетика, қорғаныс өнеркәсібі, әскери басқару және байланыс нысандарына соққы жасалып жатыр. Содан бері Украинада күн сайын, кейде бүкіл ел бойынша әуе дабылы іске қосылып келеді.