Украинаның үш облысында әуе дабылы қағылды

0
300

Ресей қарулы күштері Украина инфрақұрылымына соққы жасауды 2022 жылдың 10 қазанында бастады.


Украинаның үш облысында әуе дабылы қағылды

ERNUR.KZ. Украинаның цифрлық трансформация министрлігі онлайн картасының мәліметі бойынша елдің Чернигов, Сумы және Полтава облыстарында әуе дабылы қағылды, деп жазады sputnik.kz.

Картадағы мәліметке сәйкес, дабыл аймақтарда бір уақытта – Астана уақыты бойынша шамамен сағат 3:34-те қағылған.
Ресей қарулы күштері Украина инфрақұрылымына соққы жасауды 2022 жылдың 10 қазанында бастады. Бұл оқиға Қырым көпіріндегі жарылыстан екі күн өткен соң болды.
Ресей билігінің пайымдауынша, көпірдегі шабуылдың артында Украинаның арнайы қызметтері тұр. Бүкіл ел бойынша энергетика, қорғаныс өнеркәсібі, әскери басқару және байланыс нысандарына соққы жасалды.
Содан бері Украина аймақтарында әуе дабылы күн сайын, кейде бүкіл елде жарияланады.
Ресей Федерациясы президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресей әскері шайқаста тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымға соққы бермейді деп мәлімдеді.