Ұлыбританияда коронавирустың мутацияланған жаңа түрі анықталды

0
559

Ұлыбританияда коронавирустың «омикрон» штамының жаңа мутацияланған түрі – ХЕ анықталды.


Ұлыбританияда коронавирустың мутацияланған жаңа түрі анықталды

ERNUR.KZ. Ұлыбританияда коронавирустың жаңа мутацияланған түрі анықталды. Шанхайдың 26 млн тұрғыны коронавирус антиденелеріне анализ тапсыруға міндеттелді, деп жазады ҚазАқпарат.

Ұлыбританияда коронавирустың «омикрон» штамының жаңа мутацияланған түрі – ХЕ анықталды. Сарапшылардың пікірінше, ХЕ алдыңғы нұсқаларға қарағанда қаншалықты жұқпалы екендігі туралы қорытынды жасау әзірге ертерек. Ұлыбританияның Денсаулық сақтау агенттігі жаңа нұсқаны зерделеуде. Әзірге сарапшылар бұл мутацияны жұқтыру қарқыны «стелс-омикрон» немесе «омикрон» BA.2 түрінің таралуынан айтарлықтай ерекшеленбейтінін атап өтті. Алайда, соңғы зерттеулер бойынша XE-дің жұғу жылдамдығы «стелс-омикронға» қарағанда 9,8% жоғары.

3 сәуірде Шанхай билігі шамамен 26 миллион халқы бар қаланың барлық тұрғынын антиденелердің бар-жоғын тексеруге және анықталған оң нәтижелер туралы жедел хабарлауға міндеттеді. Дүйсенбіде азаматтар вирустың бар-жоқтығын анықтау үшін ПТР тестіні тапсыруы керек.

Журналистердің айтуынша, қалада коронавирус инфекциясының көптеген жағдайлары симптомсыз болып табылады. Жалпы, континенталды Қытайда соңғы тәулікте COVID-19 жұқтырудың клиникалық белгілері бар 1506 және симптомсыз 11 781 дерегі анықталды. Барлығы да вирустың ел ішінде тараған жағдайлары.