Умраға барған өзбекстандықтар туристік компаниялардың кесірінен далада қалды

0
300

Өзбекстан азаматтарын елге қайтару бойынша барлық шаралар қабылдап, қосымша рейстер кестесі жасалғаны атап өтілді.


Умраға барған өзбекстандықтар туристік компаниялардың кесірінен далада қалды

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желілерде Мекке мен Мәдинаға умра жасау үшін барып, елге оралуда белгілі бір қиындықтарға тап болған өзбекстандық қажылар туралы ақпарат тарап жатыр, деп жазады inform.kz.

Өзбекстанның Жиддадағы бас консулдығының мәліметінше, өзбекстандықтардың сапарларын жеке туристік компаниялар ұйымдастырады. Бұл жағдай әуе қатынасын жүзеге асырудағы техникалық ақауларға, сондай-ақ туристік компаниялардың мұндай сапарларды ұйымдастыруда қажетті дағдылары мен тәжірибесінің болмауына байланысты болған.

Өзбекстанның көлік министрлігі басқа да құзырлы органдармен бірлесіп, Өзбекстан азаматтарын елге қайтару бойынша барлық шаралар қабылдап, қосымша рейстер кестесі жасалғаны атап өтілді.

2024 жылдың 4 ақпанындағы жағдай бойынша, қажылардың бір бөлігі Өзбекстанға қайтарылды, қалған азаматтар жақын арада үйлеріне қайтады.

«Өзбекстанның Эр-Риядтағы елшілігі мен Жиддадағы бас консулдығы жағдайды бақылауға алып, тұрақты түрде мониторинг жүргізуде, өзбекстандықтарға қажетті консулдық, құқықтық және басқа да көмектерді көрсетуде. Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, біз азаматтарымызды сабырлы болуға және Сауд Арабиясында қолданыстағы талаптарды сақтауға шақырамыз», - делінген хабарламада.