Үндістанда Ганг өзенінде коронавирустан өлгендердің мәйіттері қалқып шықты

0
493

Үндістанның көптеген тұрғыны кремация жасай алмай коронавирустан өлгендерді Ганг өзеніне ағызып жіберді, құмға көмді.


Үндістанда Ганг өзенінде коронавирустан өлгендердің мәйіттері қалқып шықты

ERNUR.KZ. Үндістанның солтүстігінде коронавирустан қайтыс болған адамдардың денелері жаппай су бетіне шыға бастаған, деп жазады Stan.kz.

Euronews мәліметтеріне сүйенсек, мәйіттер қасиетті саналатын Ганг өзенінде қалқып шыққан. Маусымдық су тасқыны терең орналаспаған қабірлерді қозғалтып жіберген. Адамдарды жылдам жерлеген болуы керек. Билік кремация ұйымдастырған. Қазірдің өзінде 150 адам денесін өртеген.

“Біз денелерді қайта шығарып алмаймыз, бірақ су деңгейінің жоғарылауына байланысты қалқып шыққандарын кремациялаймыз. Мәйіттер шоғырланған аймақ бір шақырымға созылып жатыр. Біздің бағалауымыз бойынша, онда барлығы 500-600 адам жерленген болуы мүмкін. Рәсімдер кезінде барлық сақтық шаралары қабылданады", - деді жергілікті шенеунік Нираж Кумар Сингх.

Су бетіне шыққан денелер көктемде коронавирустан қайтыс болғандар деп саналады. Ол уақытта Үндістанның көптеген тұрғыны кремация жасай алмады және өлгендерді Ганг өзеніне ағызып жіберді, құмға көмді.

Өлімнің ресми статистикасы бұл адамдардың санын ескермейді.