Ұры ас пісіріп жеп, кассаны тонап әрі жүк көлігін айдап кетті

0
1 470

Алдымен ұры тауық пісіріп жеп алған, содан соң ғана тонауға кіріскен


Ұры ас пісіріп жеп, кассаны тонап әрі жүк көлігін айдап кетті

иллюстрациялық фото: kinozon.tv

ERNUR.KZ. АҚШ-тың Теннесси штатының тұрғыны Эван Элмор мейрамханалардың бірінен бірнеше мың доллар тонап, кейін ұрланған жүк көлігімен қашып кеткен. Тонаушылық алдында мейрамхананың ас үйінде тауық қанаттарын пісіріп жеген сәті видеоға түсіп қалды, деп жазады sputniknews.kz.

WRCB басылымының хабарлауынша, Эван Элмор мейрамхананың терезесін шағып кіріп, әуелі ас үйде тауық қанаттарын қуырып жеп, кейін сөмкесіне сыра, торт және басқа да тіске басарларды салып, кассадан бірнеше мың доллар тонап кеткен.

Полиция ұрланған көліктегі GPS навигациясы арқылы Элморды көп ұзамай құрықтады. Ер адамға тонаушылық жасау, көлік ұрлау және есірткі сақтау деген айыптар тағылған.

Аспаз-қылмыскердің қандай жазаға кесілетіні әлі хабарланған жоқ.