Ұшақ пен тікұшақ соқтығысып екі адам мерт болды

0
1 237

Оқиға салдарынан тағы бес адам зардап шекті.


Ұшақ пен тікұшақ соқтығысып екі адам мерт болды

ERNUR.KZ. Непалдың шығысында әуежайда ұшақ орнынан енді қозғалған сәтінде жанында тұрған тікұшақпен соқтығысты, деп жазады ҚазАқпарат.

Оқиға салдарынан екі адам мерт болып, бесеуі зардап шекті. Келеңсіз жағдай Лукла қаласына жақын жерде болған. Зардап шегушілер ауруxанаға жеткізілді. Жергілікті биліктің дерегі бойынша, ұшақта жолаушылар болмаған. Әзірге олардың неліктен соқтығысқаны белгісіз, полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.