Владимир Путин G20 саммитіне бармайды

0
483

Саммитке Ресейден елдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров онлайн қатысады.


Владимир Путин G20 саммитіне бармайды

ERNUR.KZ. Ресей президенті Владимир Путин 15-16 қарашада Индонезияда Бали аралында өтетін "Үлкен жиырмалық" (G20) елдері басшыларының кездесуіне бармайды, деп жазады zakon.kz.

Саммитке Ресейден елдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров онлайн қатысады. Бұл ақпартты 10 қарашада Reuters агенттігіне Индонезияның Теңіз істері және инвестициялар жөніндегі үйлестіру министрінің баспасөз хатшысы Джоди Махарди хабарлады.

Владимир Путин саммит аясындағы кездесулердің біріне виртуалды түрде қосыла алады.