WhatsApp-та чаттар мен фотоларды сақтау ақылы болады

0
909

Бұған дейін WhatsApp енді канал ашуға болатынын хабарлаған еді.


WhatsApp-та чаттар мен фотоларды сақтау ақылы болады

ERNUR.KZ. Енді WhatsApp мессенджеріндегі хат-хабарлар мен файлдар Google Drive бұлтына орналасады, деп жазады zakon.kz.

WhatsApp-тың ресми сайтының хабарлауынша, егер пайдаланушы алдағы айларда чаттардың резерв көшірмесін Android құрылғысында жасаймын деп шешсе, көшірме Google-дың лимитіне есептеледі.

"Егер жад шегінен асып кетсеңіз, резерв көшірме жасауды жалғастыру үшін Google-дың есеп жазбасынан орын босатуыңыз керек", - делінген хабарламада.

Бета нұсқасын пайдаланушылар үшін өзгерістер 2023 жылдың желтоқсан айында күшіне енетіні және 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Android платформасындағы WhatsApp пайдаланушыларына біртіндеп енетіні атап өтілді.

Бұған дейін WhatsApp енді канал ашуға болатынын хабарлаған еді