Зеленский 45 жастан асқан ер адамдар әскерге шақырылатынын мәлімдеді

0
521

Әскери жағдай кезінде 18 бен 60 жас аралығындағы ер адамдардың Украинадан шығуына тыйым салынды.


Зеленский 45 жастан асқан ер адамдар әскерге шақырылатынын мәлімдеді

ERNUR.KZ. Владимир Зеленский АҚШ-қа сапары кезінде америкалық конгрессмендерге Украинада 45 жастан асқан ер адамдар армияға шақырылатынын, сонымен қатар Киев батыстың көмегі азаюына байланысты "партизандық соғысқа" кірісуі мүмкін екенін айтты, деп жазады sputnik.kz.

Қазан айында Time журналы Украина әскерінің қатары босап, әскери комиссариаттар орташа жасы 43-тегі адамдарды әскерге шақыруға мәжбүр болғанын хабарлады. Украинада 2022 жылдың 24 ақпанынан бастап әскери жағдай режимі енгізіліп, келесі күні Зеленский жалпы мобилизациялау туралы жарлыққа қол қойды. Әскери жағдай кезінде 18 бен 60 жас аралығындағы ер адамдардың Украинадан шығуына тыйым салынды.
"Бір жыл бұрын Капитолийге алғашқы сапары кезінде қошеметке ие болған Зеленскийді бұл жолы заң шығарушылармен жабық режимде өткен кездесулерде салқын қабылдады. Украина президенті өз елі 45 жастан асқан ер адамдарды әскерге шақыратынын және АҚШ пен оның еуропалық одақтастарының көмегі азайып бара жатқандықтан, партизандық соғысқа кірісуге мәжбүр болатынын айтты", - деп жазды агенттік.