Зеленский Украина тұрғындарына қару қолдануға рұқсат беретін заңға қол қойды

0
644

Украинада осы заң шыққанға дейін халыққа әскери қару беру туралы шешім қабылданған болатын.


Зеленский Украина тұрғындарына қару қолдануға рұқсат беретін заңға қол қойды

ERNUR.KZ. Украина президенті Владимир Зеленский Украинаның барлық тұрғынына әскери жағдай кезінде қару қолдануға рұқсат беретін заңға қол қойды, деп жазады Tengrinews.kz.

Әңгіме аңшылық, спорттық және наградаға алған қарулар туралы екені айтылды. Бейбіт тұрғындар "Украинаға қарсы қарулы агрессия көрсеткендерге" қарсы қару қолданғаны үшін жауапқа тартылмайтыны нақтыланған.

"Соғыс жағдайы кезінде Украина азаматтары наградаға алған қаруын, спорттық қаруын (тапаншалар, револьверлер, винтовкалар, тегіс ұңғылы мылтықтар), аңшы мылтықтары, тегіс ұңғылы немесе құрамалы қаруын, сондай-ақ оған арналған оқ-дәрілерді пайдалана отырып, қорғана алады", - делінген Жоғарғы Рада сайтында жарияланған құжатта.

Заң күшіне енген және әскери кезеңде қолданылады.

Айта кетейік, Украинада осы заң шыққанға дейін халыққа әскери қару беру туралы шешім қабылданған болатын. Бұл Украина билігі бақылауындағы қала көшелерінде озбырлық толқынын тудырған.

Еске салайық, 25 ақпанда Зеленский Украинада жалпы мобилизация өткізу туралы шешім қабылдады.