Зеленскийдің көмекшісіне қастандық жасалды

0
507

Сергей Шефир 2019 жылдың мамырынан бастап Украина президентінің бірінші көмекшісі қызметін атқарады.


Зеленскийдің көмекшісіне қастандық жасалды

ERNUR.KZ. Украина президентінің бірінші көмекшісі Сергей Шефирге Киев облысының Лесники ауылының маңында қастандық жасалды, деп жазады zakon.kz.

Қаскөйлер Шефирдің көлігіне оннан аса оқ жаудырған. Жүргізуші жарақат алды, деп хабарлады Украинаның ұлттық полициясы.

Оқиға орнында полицияның жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

Strana.ua басылымының жазуынша, Шефирдің өзі жарақат алмаған.

Сергей Шефир 2019 жылдың мамырынан бастап Украина президентінің бірінші көмекшісі қызметін атқарады. Ол Зеленскиймен бірге "Студия Квартал-95" фирмасының негізін қалады.

Украина басшысы қазір АҚШ-та БҰҰ Бас Ассамблеясының 76-шы сессиясына қатысуда.