Жаңа Зеландияда фермерлер қалаға трактормен басып кірді

0
568

Ауыл еңбеккерлерін үкіметтің агрошаруашылықтардан экологиялық салық алу жоспары ашындырыпты.


Жаңа Зеландияда фермерлер қалаға трактормен басып кірді

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. Жаңа Зеландия фермерлері бүгін елді мекендер мен қалаларда шеру өткізіп жатыр. Олар көшелерге тракторлармен шыққан, деп жазады zakon.kz.

Ауыл еңбеккерлерін үкіметтің агрошаруашылықтардан экологиялық салық алу жоспары ашындырыпты.

Биліктің айтуынша, сиырлар мен қойлар кейде ауаға биогендік метан мен ұзақ сақталатын газ таратады.

Сондықтан, фермерлер құн төлеуге тиіс.

Алайда, демонстранттар ол зиянның қалай анықталатын білмей тұрып салық салу заңға қайшы деп есептейді.