Жапония тамыз айының соңында Фукусима атом электр станциясындағы суды мұхитқа төге бастайды

0
553

Шілде айында Жапонияның ядролық реттеушісі Tokyo Electric Power (Tepco) станциясының операторына суды төгуге рұқсат берді.


Жапония тамыз айының соңында Фукусима атом электр станциясындағы суды мұхитқа төге бастайды

ERNUR.KZ. Жапония тамыз айының соңында цунами салдарынан қираған Фукусима атом электр станциясының тазартылған радиоактивті суын мұхитқа төгуді жоспарлап отыр, деп жазады zakon.kz.

Үкіметтік ақпарат көздерінің мәліметінше, су Жапон премьер-министрі Фумио Кисида келесі аптада АҚШ-та АҚШ президенті Джо Байденмен және Оңтүстік Корея президенті Юн Сук Ёлмен кездескеннен кейін төгіле бастайды, деп жазды The Guardian.

Шілде айында Жапонияның ядролық реттеушісі Tokyo Electric Power (Tepco) станциясының операторына суды төгуге рұқсат берді, оны Жапония мен Халықаралық атом энергиясы агенттігі (МАГАТЭ) қауіпсіз деп санап отыр, бірақ жақын маңдағы елдер тамақты ластауы мүмкін деп қауіптенуде.

Токионың солтүстік-шығысындағы Фукусима жағалауында қыркүйек айында су түбінен балық аулау кәсіпшілігі басталуы керек еді, соған бола үкімет суды балық аулау маусымы басталғанға дейін төгуге ұмтылып отыр.
Шілде айында Атом энергиясы жөніндегі агенттік жергілікті балықшылар қауымдастығының және аймақтағы басқа елдердің қарсылығына қарамастан Жапонияның суды төгу жоспарын жарияла жіберді.
Тритийді, яғни сутегінің судан бөлінуі қиын изотобын қоспағанда, радиоактивті элементтердің көбін жою үшін жердегі үлкен резервуарларда сақталған шамамен 1,3 миллион тонна су Tepco компаниясының жетілдірілген сұйықтықты өңдеу жүйесі арқылы сүзілген.
Су мұхитқа жағалау сызығынан 1 шақырым жерде су астындағы үңгіржол арқылы жіберіледі. Суды толық төгіп бітуге 30-40 жылдай уақыт кетеді деп болжанып отыр.
Жапон үкіметі өкілдерінің осы жоспарды іске асыруда аймақтың қолдауын алуға деген әрекеттері сәтсіз аяқталды.
Қытай бұл жоспарды "тым жауапсыз" деп атады. Гонконг егер су төгілетін болса, Жапонияның 10 префектурасынан азық-түлік импортына тыйым саламыз деп қорқытты.