Жапонияда адамдарға арналған кір жуғыш машиналар шығарылады

0
814

Жаңа өнертабыстың тағы бір ерекшелігі – адам тазалану кезінде тыныштандыратын музыка тыңдап, видеолар көре алады.


Жапонияда адамдарға арналған кір жуғыш машиналар шығарылады

ERNUR.KZ. Жапониядағы технологиялық компаниялардың бірі адамдарға арналған кір жуғыш машина шығаруды жоспарлап отыр. Кәсіпорын өкілдерінің айтуынша, жаңа өнертабыс 2025 жылы сатылымға шығады, деп жазады zakon.kz.

Jocr.jp басылымының жазуынша, бүкіл процесс он бес минуттан аспайды. Мұндай машинада тазалау, уқалау және кептіру қызметтері бар. Процесс барысында ультрадыбыс қолданылмақ.

Сондай-ақ барлық процедурадан кейін экранда көрсетілетін ағзаның күйі туралы егжей-тегжейлі ақпаратпен танысуға болады.

Жаңа өнертабыстың тағы бір ерекшелігі – адам тазалану кезінде тыныштандыратын музыка тыңдап, видеолар көре алады.