Жапонияда коронавирустың Мю штамын жұқтырған екі науқас анықталды

0
806

Ғалымдардың сөзінше, Мю COVID-штамы вакцинациядан кейін иммунитетті төмендетіп жіберуге қауқарлы.


Жапонияда коронавирустың Мю штамын жұқтырған екі науқас анықталды

ERNUR.KZ. Алғаш рет Колумбияда анықталған Мю штамы ғаламшардың басқа бетінде тіркелді. Оны жапониялық әуежайдағы тестілеу кезінде тіркеген, деп жазады baq.kz.

NHK хабарлауынша, Жапонияда коронавирустың Мю штамын жұқтырған екі жағдай анықталды. Инфекция жұқтырғандардың елге маусым және шілде айларында басқа мемлекеттен келгендері белгілі болды.

40 жастағы әйел шілденің соңында БАЭ-ден Нарита әуежайына ұшып келген. Ал 50 жастағы жолаушы маусымның басында Ұлыбританиядан Ханэда әуежайына қонған.

Ғалымдардың сөзінше, Мю COVID-штамы вакцинациядан кейін иммунитетті төмендетіп жіберуге қауқарлы.

Қазір коронавирус штамының түр-түрі бар. Оның ең кең тарағаны - Дельта штамы. Ол осы уақытқа дейін 170 елде тіркелді.