Жапониядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 126 болды

0
812


Жапониядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 126 болды

ERNUR.KZ. Жапониядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 100-ден асты. Екі жүзден астам адам із-түзсіз жоғалып кеткен, деп жазады Kazinform.

Жапонияда 1 қаңтар күні елді дүр сілкіндірген жер сілкінісінен қаза тапқандар саны күннен күнге артуда.

Сенбі күні билік 126 адамның қайтыс болғанын растады.

Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатқанымен, құтқарушылар тірі қалғандарды табу мүмкіндігі күн сайын азайып бара жатқанын ескертеді.

Екі жүзден астам адам із-түзсіз жоғалған.

Оларды іздеуге ауа райының қолайсыздығы — қар мен төмен температура кедергі келтіріп отыр.

Билік жалғасып жатқан жерасты дүмпулерінен бүлінген кей жолдар толығымен опырылып қалуы мүмкін екенін айтады.