Жарылыстан 5 сарбаз қаза болды

0
942

​Колумбияда Венесуэламен шекаралас жерде жарылыс болып, салдарынан кемінде 5 колумбиялық сарбаз қаза тауып, 10-нан астамы жарақат алған, - деп хабарлайды 24.KZ.


Жарылыстан 5 сарбаз қаза болды

фото: telegraf.com.ua

Колумбияда Венесуэламен шекаралас жерде жарылыс болып, салдарынан кемінде 5 колумбиялық сарбаз қаза тауып, 10-нан астамы жарақат алған, - деп хабарлайды 24.KZ.

Бұл туралы әскер өкілдігі хабарлады. Дерек бойынша, шабуылды «ұлттық азат ету әскерінің» мүшелері жасаған. Жауынгерлер Солтүстік Сантандер провинциясының Тибу және Салазар-де-лас-Пальмас қалалары арасында әскерилердің көліктеріне шабуылдаған. Колумбия президенті Хуан Мануэль Сантос кінәлілерді табу үшін қолдан келгенді жасайтынын айтты.

Айта кетейік, бір күн бұрын «ұлттық азат ету әскері» елдегі заң шығарушы органына сайлау кезінде атысты тоқтатуға уәде берген еді. Билік бұны бейбіт келіссөздерді жаңғырту үшін жақсы қадам деп таныды. Енді қос тарап арасынадағы қарым-қатынастың қалай өрбитіні белгісіз.