Жасөспірім мектепте төрт адамды пышақтап тастады

0
806

Оқиға 11 қыркүйек күні таңертең Ресей Федерациясының Ростов облысындағы "Красный десант" ауылында болған.


Жасөспірім мектепте төрт адамды пышақтап тастады

ERNUR.KZ. Ресей Федерациясының Ростов облысында 15 жастағы жасөспірім 4 адамды пышақпен жарақаттады, деп жазады zakon.kz.

"Известия" басылымының жазуынша, оқиға 11 қыркүйек күні таңертең Ресей Федерациясының Ростов облысындағы "Красный десант" ауылында болған. Қолында пышағы бар жасөспірім мектепке кірмек болып талпынған кезде ұсталды. Төрт ересек адам жеңіл жарақат алды, бірақ балалар зардап шеккен жоқ.

"Пышақпен қаруланып, бетіне маска киген 15 жастағы жасөспірім мектепке кірмек болып, төрт ересек адамды: үш қызметкер мен оқушылардың бірінің туысын жаралады", - деді Ростов облысының губернаторы Василий Голубев.

Шабуыл жасаған адам тоғызыншы сынып оқушысы болып шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, ол психикалық детрке шалдыққан.

Дәл осындай оқиға өткен қыста Петропавлда болды. Тоғызыншы сынып оқушысы сыныпқа балта мен пышақ алып барып, үш баланы жарақаттады.