Жерге Эйфель мұнарасындай астероид жақындап келеді

0
868

Ғарыш денесі 11 желтоқсанда жерге барынша жақындап, 3,9 миллион шақырым қашықтықта ұшады


Жерге Эйфель мұнарасындай астероид жақындап келеді

ERNUR.KZ. Астероид планетамызға 11 желтоқсанда барынша жақындап, 3,9 миллион шақырым қашықтықта ұшады. Осы жылдың желтоқсан айында қауіпті 4660 Nereus астероиді Жерге жақындайды, деп жазады 24.kz.

Ғарыштық дененің ұзындығы – 330 метр, оны Париждегі Эйфель мұнарасының биіктігімен салыстыруға болады (324 метр). 4660 Nereus басқа белгілі астероидтердің 90%-інен үлкен.

Ғарыш денесі 11 желтоқсанда жерге барынша жақындап, 3,9 миллион шақырым қашықтықта ұшады – бұл Жер мен Ай арасындағы қашықтықтан он есе көп. NASA мәліметтері бойынша, астероид біздің планетамызға қауіп төндірмейді.