Жерге екі астероид жақындап келеді

0
885

Аспан денелерінің бірі - 2013 YD48 астероиды - өлшемі Биг-Бен сағатымен шамалас, екіншісі - 7482 YD48 астероиды - Эмпайр-стейт-билдингтен екі есе үлкен.


Жерге екі астероид жақындап келеді

ERNUR.KZ. Жерге қауіпті екі астероид жақындап келеді. Бұл туралы NASA мәлімдеді, деп жазады Tengrinews.kz.

Аспан денелерінің бірі - 2013 YD48 астероиды - өлшемі Биг-Бен сағатымен шамалас, екіншісі - 7482 YD48 астероиды - Эмпайр-стейт-билдингтен екі есе үлкен.

2013 YD48 астероидының ені шамамен 104 метр және 11 қаңтарда планетамыздан 5,6 миллион шақырым қашықтан өтеді. 1994 PC1 астероиды 18 қаңтарда Жерге 0,013 астрономиялық бірлік қашықтан өтеді. Бұл нысан NASA-ның Жерге жақын нысандарды зерттеу орталығы мәліметі бойынша, "ең жақыны".

Бұған дейін NASA басшысының орынбасары Томас Зурбухен қазіргі уақытта ғалымдарға белгілі астероидтардың ешқайсысы алдағы жүз жылда Жермен соқтығысуы мүмкін емес деп мәлімдеген. Ол ғалымдар "көлемі 140 метрден асатын нысандардың шамамен 40 пайызын ғана білетінін" атап өтті.