Жерге жақындаған қауіпті аспан денесі ежелгі зымыран болып шықты

0
1 264

2020 SO нысаны 1 желтоқсанда планетамызға жақындайды.


Жерге жақындаған қауіпті аспан денесі ежелгі зымыран болып шықты

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. Қыркүйек айында Жерге жақын келген «астероид» 1966 жылы Канаверал мүйісінен Айға ұшырылған америкалық «Центавр» зымыранының қалдығы болып шықты, деп жазады 24.kz.

NASA-ның пайымдауынша, ол жарты ғасырдан астам уақыт бойы Күнді айналып өтіп, енді біздің планетамызға оралды.

Ол секундына сегіз шақырымнан астам немесе 29 мың км/сағ жылдамдықпен қозғалады. Ғалымдардың болжамы бойынша, «астероид» алысқа кетпес бұрын Жерді екі рет айналып шығады.

2020 SO нысаны 1 желтоқсанда планетамызға жақындайды.