Жоғалып кеткен Сеул мэрі өлі табылды

0
605

Бір күн бұрын Сеул мэрі жоғалып кеткені туралы хабарланған еді.


Жоғалып кеткен Сеул мэрі өлі табылды

ERNUR.KZ. 9 шілдеде жоғалып кеткен Сеул мэрі Пак Вон Сун бірнеше сағаттан соң өлі табылды, деп жазады Тengrinews.kz.

Дереккөз мәліметінше, оның денесі резиденциясының маңынан табылған. Өзімен бірге сөмкесі, су, ұялы телефон, құжаттары болған. Полицейлер мэрдің денесінен ешқандай зорлық белгілерін байқамаған.

Алдын ала мәлімет бойынша, Пак Вон Сун өз-өзіне қол жұмсаған. Өлімнің нақты себебін сараптама көрсетеді дейді.

Еске салайық, бір күн бұрын Сеул мэрі жоғалып кеткені хабарланған еді. Мэр із-түссіз жоғалып кеткен соң оның қызы шамамен сағат 17.17-де полицияға арыз қалдырған (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 14.17-де). Ол әкесінің үйден шамамен 4-5 сағат бұрын кеткенін хабарлаған еді. Сондай-ақ, ол әкесінің өсиетке ұқсас сөздер айтып кеткенін жазған.