Жол опырылып түсіп, алты адам қаза тапты (видео)

0
777

Оқыс оқиға бейнебақылау камераларына түсіп қалған.


Жол опырылып түсіп, алты адам қаза тапты  (видео)

иллюстрациялық фото: ашықдереккөзден

ERNUR.KZ. Дүйсенбі күні Қытайдың солтүстік-батысындағы Синин қаласында жол төсемінің бір бөлігі опырылып түсті. Он адам жым-жылас жоғалды, тағы 15 адам жарақат алды. Кейінірек алты адамның қаза тапқаны белгілі болды, деп жазады sputniknews.kz.

Трагедия Қызыл крест ауруханасының алдында болған. Оның себебі әзірге белгісіз, деп хабарлады Синьхуа.

Оқыс оқиға бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Жазбадан автобус шұңқырға құлаған сәтте жарылыс болғанын көруге болады.