Жусаннан жасалған: Коронавирусқа қарсы дәрі таралып жатыр

0
4 397

Дәрі тексерістен өтпеген.


Жусаннан жасалған: Коронавирусқа қарсы дәрі таралып жатыр

ERNUR.KZ. Мадагаскар Африка елдеріне коронавирусқа қарсы жусаннан жасалған дәрі жеткізе бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті биліктің айтуынша, «Ковид-19 органикс» деп аталған тониктен 2 адам жазылып шыққан. Бірақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сұйықтықтың коронавирусқа қарсы тиімділігі әлі тексерілмегінін айтып, оның адамдарға кері әсер етуі мүмкін деп алаңдап отыр.

Мадагаскар билігі болса, бірнеше елге мыңдаған құты жөнелтіп үлгерген.

Айта кетейік, Мадагаскар бұған дейін біржылдық жусаннан безгекке қарсы «артемезин» дәрісін де дайындаған. Бірақ халықаралық ұйым бұл препараттың да ешқандай тиімділігі дәлелденбегенін айтады.