Белгілі бір уақыттан соң айналып келеді: COVID-19-дың жаңа салдары анықталды

0
1 492

Зерттеуге COVID-19-дан айыққан 1733 адам қатысты.


Белгілі бір уақыттан соң айналып келеді: COVID-19-дың жаңа салдары анықталды

ERNUR.KZ. Коронавируспен ауырған көптеген адам денсаулықтарына байланысты шағымданған, деп хабарлайды Хабар24.

Қытайлық дәрігерлер жүргізген зерттеулердің нәтижелері бойынша коронавируспен ауырғаннан кейін алты айдан соң денсаулықта белгілі бір әлсіздіктер пайда болады.

Бұл туралы China Daily басылымы хабарлады.

Зерттеуге 7 қаңтар мен 29 мамыр аралығында COVID-19-дан айыққан 1733 адам қатысты. Сарапшылардың пікірінше, көбінесе адамдарда шаршау, бұлшықет әлсіздігі, ұйқы кезіндегі проблемалар және мазасыздық болды.

Орта есеппен коронавирустан сауыққаннан кейін алты ай өткен соң ауру сезіле бастайды. Респонденттердің шамамен 50%-і мазасыздықты, ал 20%-і психологиялық проблемалардың белгілерін байқаған.

Мамандар аталған вируспен ауырғандарға спортпен айналысуға, алкоголь мен темекі шегуден бас тартуға, дұрыс тамақтануға кеңес береді