Коронавирустың антиденелерге қарсы тұра алатын мутацияланған түрі анықталды – ғалымдар

0
2 725

Мамандар індетпен күресу мақсатында дайындалған антиденелерден жалтара алатын SARS-CoV-2 мутациясын анықтаған.


Коронавирустың антиденелерге қарсы тұра алатын мутацияланған түрі анықталды – ғалымдар

Ғалымдар коронавирустың антиденелерге қарсы тұра алатын мутацияға ұшыраған жаңа түрін анықтағанын мәлімдеді. Бұл туралы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram-каналында айтылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Фред Хатчинсон атындағы онкологиялық зерттеулер орталығының мамандары індетпен күресу мақсатында дайындалған антиденелерден жалтара алатын SARS-CoV-2 мутациясын анықтаған.

Тәжірибе ретінде ғалымдар карта жасап, оған науқастарға мамандандырылған терапия аясында берілетін үш моноклоналды антиденелердің өзара байланысуына жол бермейтін COVID-19 мутациясының барлық мүмкін болған түрлері енгізілген.

Осы мутациялардың бірі – антиденелердің бүкіл «коктейлінен» жалтарса, басқалары үш антидененің біреуінен селективті түрде жалтара алады.


"Ғалымдар бұл өзгерістердің кейбіреулері COVID-19 жұқтырғандарда кең таралғанын және антиденелердің барлық жиынтығына қарсы тұратын мутация Нидерланды мен Данияда табылғанын атап өтті", - делінген ақпаратта.