Жасанды ұрықтандырудың құны қанша?

0
793

Президент тапсырмасымен келер жылы жасанды ұрықтандыруға 7 мың квота бөлінеді.


Жасанды ұрықтандырудың құны қанша?

ERNUR.KZ. Елімізде жасанды ұрықтандыруға бөлінетін квота кезінде жасы 38 жастан асқан әйелдерге басымдық беру ұсынылды. Себебі бұл жаста ана атану мүмкіндігі қиындайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еске салайық, президент тапсырмасымен келер жылы жасанды ұрықтандыруға 7 мың квота бөлінеді. Ал аталмыш қызмет түрін көрсететін емханалардың жайы қандай?

Биыл елімізде жасанды ұрықтандыру жүргізуге мың квота бөлінген. Бірақ карантинге байланысты оның үштен бір бөлігі ғана іске асқан. Сондықтан аталмыш қызмет түрін көрсететін клиникалар қалған квоталарды жыл аяғына дейін пайдаланып, кезекте тұрған ерлі-зайыптыларға көмектесеуі тиіс.

Карантин кезінде Қазақстанда жасанды ұрықтандырумен айналысатын клиникаларының кірісі 5 есе қысқарды. Бұған қарамастан, олар өз қызметтерінің бағасын көтермейді. Қазақстанның репродуктивті медицина қауымдастығының президенті Вячеслав Локшин осындай орталықтардың қазіргі жағдайы туралы бізге баяндап берді. Оның айтуынша, клиникалар карантинге дейінгі көрсеткіштерге қол жеткізуге тырысуда. Бірақ ол үшін медициналық бұйымдардың 20 процентке қымбаттағанына қарамастан, қызметтерінің бағасын бірқалыпты ұстап тұруы тис. Сондай-ақ доллар бағамының өзгеруі жағдайды қиындатады. Бұған қоса, реактивтердің барлығы шетелден алынады. Қазіргі уақытта жасанды ұрықтандыруға дайындық барысында зертханалық талдау жасау ер адамдарға 80 мыңнан 100 мың теңгеге дейін тұрады. Ал процедураның өзі – 400-480 мың теңге. Толық тексеруден өту үшін ерлі-зайыптыларға бір миллион теңгеге дейін қаржы кетеді. Бала сүйюді армандаған әйелдер көбіне жасанды ұрықтандыруға бірнеше рет жүгінеді. Айта кетейік, егер емханалар бағаны ұстап тұра алмаса, аталмыш процедура күздің соңында қымбаттауы мүмкін.


– 2010 жылдан бері Қазақстанда жасанды ұрықтандыру жүргізуге арналған квоталар саны 100-ден 1100-ге дейін өсті. Экстрокорпоралды ұрықтандыру көмегімен ем алуға бір жарым миллион теңгеге дейін қаржы кетеді. Мұны барлық ерлі-зайыптылардың қалтасы көтере бермейді. 2019 жылдың соңында мен Президентке квоталар санын көбейтуді ұсынып, өтініш білдірдім. Ал биыл Мемлекет басшысы өз Жолдауында квоталарды 7 мыңға дейін ұлғайтуды жариялаған кезде қуандым. Осының көмегімен жылдап жиналған кезек мәселесін шешуге болады. Мұнда 38-40 жастан асқан әйелдерге басымдық беру керек, өйткені олардың әрбір күні маңызды, - дейді Қазақстанның репродуктивті медицина қауымдастығының президенті, акушер-гинеколог Вячеслав Локшин.