2019 жылдың жаңалығы болған ҮЗДІК автокөліктер

0
2 024

Осы жылы да әлемдік автокөлік нарығы танымал модельдердің көптеген жаңа үлгілерімен толықты.


2019 жылдың жаңалығы болған ҮЗДІК автокөліктер

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

2019 жылы көптеген танымал өндірушілер адамдардың түрлі материалдық жағдайы, қызығушылы мен қажеттілігін ескере отырып, әртүрлі көліктерін нарыққа шығарды. Тиісінше, Сіздің назарыңызға көптің көңілінен шығып, оң бағаға ие болған «тұлпарлар» тізімін ұсынамыз.


1. Mercedes-Benz EQC

Бір қарағанда, Mercedes EPC – Mercedes GLC үлгісінің көшірмесі секілді болып көрінеді, бірақ ол өте ерекше аккумуляторлармен жасақталған. Ол аккумулятордың толық қуатымен 450 шақырым жүре аласыз және өзге көліктің қуат көзін 80%-ға қуаттауға күші жетеді. Оған қоса «кузовы» мен дизайны өзгешелеу Mercedes EPC – алдыңғы GLC үлгісінен ұзын.


2. Audi E-tron

Электромобиль тақырыбын қозғар болсақ, онда Audi E-tron көлігі туралы айтқан жөн. Бұл дизайны жаңартылған, көптеген техникалық қызметтермен жабдықталған кроссовер. Автокөлікте барлығы дерлік электроникаға аударылған және басқарудың физикалық элементтері барынша аз. Көлікке 360 аттың күші бар екі электрлі қозғалтқыш орнатылған, ал арнайы режимді қоссаңыз, олардың қуаты 408 аттың күшіне дейін өседі. Ең жоғары жылдамдығы – 200 км/сағ, ал толық қуатпен жүру ұзақтығы – 400 шақырымға тең.


3. Mercedes CLA

Сыртқы көрінісі спорттық үлгіге ұқсас бұл көлікті мультимедиа жүйесімен және дауыспен басқаруға болады.


4. Mazda 3 Sedan

Mazda 3 Sedan – 2019 жылы шыққан ең үздік жапон автокөліктерінің бірі. Сонымен қатар, оның седанынан бөлек хэтчбегі де бар. Ал, қозғалтқышының көлемі үлгінің түріне байланысты 1.5, 2.0 және 2.5 литр болып келеді.


5. Volkswagen T-Cross

2019 жылғы ең үздік шағын кроссоверлер арасында Volkswagen T-Cross ерекше орын алады. Көлемі кіші болса да, кондиционер секілді сапалы жиынтықтармен жабдықталған көліктің ең жоғарғы жылдамдығы – сағатына 177 шақырымды құрайды.



6. Toyota Corolla Sedan

Алдыңғы бөлігі көптеген өзгерістерге ұшырап, артқы бөлігі Camry-ге ұқсап жасалған бұл жапон автокөлігі 132 аттың күші бар бензин моторымен (1,6 л.) жасақталған. Сонымен қатар, көлік қауіпсіздіктің жоғарғы деңгейі үшін: 8 қауіпсіздік жастығы, жолақтағы қозғалысты қадағалау, тұраққа қою кезіндегі көмекші, шұғыл тежегіш және белсенді оптикамен жабдықталған.


7. BMW 3 Series

2019 жылғы үздік автомобильдер рейтингіне кіретін BMW 3 Series толық жетекті ақылды жүйесімен таң қалдырады және ол кез-келген ауа-райына төзімді және ұзақ жолға шыққанда сенім артуға болады.



8. Volkswagen Passat

Бұл көліктің жаңа медиа жүйесі дауыспен басқаруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, автокөлікте бейімделген круиз-бақылау, жолдағы жолақты бақылайтын жүйе секілді қызметтерімен ерекшеленеді.

Сонымен қатар, турбодизельді қозғалтқышпен, электромеханикалық күшейтілген тежегішпен және берік «амортизаторлармен» жабдықталған «темір тұлпардың» 15 түрлі нұсқасы жасалған.


9. KIA K900

Бұл көлік 249 және 413 аттың күші бар қозғалтқыштармен жабдықталған және 100 км/сағ жылдамдыққа небәрі 5,7 секундта жете алады. Сонымен қатар, автокөліктің негізгі жиынтығы тоғыз қауіпсіздік жастығымен, климат бақылау, рульді жылыту және басқа да жайлы мүмкіндіктермен жабдықталған. Сондай-ақ, өндіруші компания 7 жыл немесе 150 000 шақырымдық кепілдік береді.


10. Renault Arkana

Дизайны жаңа, толық жетекті және қозғалтқышы мықты Renault Arkana 2019 жылдың ең үздік бюджеттік автокөліктерінің бірі.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ

дереккөз: ашық ғаламтор беттері


Тағы оқыңыз:


Көлігіңіз гүрілдей ме? Көліктен шығатын шуылдың мөлшерін анықтайтын радар пайда болды

Автокөліктен шыққан ДЫБЫСТАР қай жері БҰЗЫЛҒАНЫН білдіреді