Әзірге екі жыл бойы жүргізушілер айыппұл төлемейді.
иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
Францияның астанасы Париж қаласында көлік құралдарының шуыл деңгейін өлшейтін радарлар пайда болды.
Францияда көлік құралдарының шуының алдын алу мақсатында көлік құралдарының шуын шектейтін заң қабылданған. Осындай заңның қабылдауының себебі қала көшелеріндегі автокөліктер мен мотоциклдердің гүрілі шамадан тыс шығуы болып отыр. Алайда аталған заңды жүзеге асыруға бүгінгі таңда жергілікті билікке қиындыққа соғып отыр. Себебі көп жағдайда қай көлік құралы мөлшерден тыс шулы дауыс шығарып жатқанын дәлелдей алмай жатыр. Қазір олар автоматты тіркеу үлгісімен емес, полицейлердің жеке ұстауы арқылы ғана өз мәселелерін шешуде.
Енді осы мәселені түбегейлі шешімін табу мақсатында жергілікті билік Париж қаласының ең ірі аймақтарына көлік құралдарының шуыл деңгейін өлшейтін 40-қа жуық құрылғы орнатты. Радарларды әзірлеумен және оларды орнатумен жергілікті «Bruitparif» компаниясы айналысуда.
«Bruitparif» компаниясының құрылғысы - тұрақты түрде шу талдайды әрі бақылайды. Шулы ортаны сипаттап қана қоймай зерттеулерді де жүргізеді, сондай-ақ қоршаған ортаны шудың алдын алу жоспарын құрап, оның айналаға әсерін бағалайтын болады.
Әзірге бұл пилоттық жоба. Шуыл деңгейі мөлшерден тыс асырып, радар көзіне түскен көліктер айыппұл төлемейді. Радарлар сынақ режимінде 2 жыл бой жұмыс жасайды. Сынақтан өткен соң толықтай іске қосуды жоспарлап отыр.
Шетел басылымынан дайындаған: Р. Полатбекұлы,
Тағы оқыңыз:
"Екі сиырға ауыстырасың ба?": Шымкенттік жігіттің жарнамасы KOLESA.KZ-ті ШУЛАТЫП жатыр
Күзде КӨЛІКТІҢ шанағы ШІРІМЕСІН десеңіз, МЫНАҒАН мән беріңіз