Алдыңғы терезені ӨЗІҢІЗ-ақ ауыстыра аласыз

0
1 567

Бұл жұмысқа бел байлап кіріспес бұрын қажетті құрал-саймандарды сайлап алу қажет.


Алдыңғы терезені ӨЗІҢІЗ-ақ ауыстыра аласыз

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Мамандардың айтуынша, алдыңғы әйнектерді жөндеу немесе ауыстыру тек шеберлердің қолынан ғана келеді дейді. Алайда, кейбір жүргізушілер өз тәжірибесімен бөлісіп, артық шығын шығармауға болатынын айтады. Ол тәжірибемен Сіз де таныс болыңыз.


Көліктің алдыңғы әйнегін ауыстыру, майда-шүйде сызат түскенін қоспағанда жиі орын ала бермейді. Егер осы шыныдағы сызаттар мен жарықтарды жөндеу оң нәтиже бермесе, амалсыздан жаңасын салуға тура келеді. Дегенмен, біз кәсіпқой емеспіз, сондықтан әр іске барынша мұқият болғанымыз абзал. Сондай-ақ, бұл процесс ұзақ болатындықтан шыдамдылық таныту керек. Оған қоса, бұл жұмысқа бел байлап кіріспес бұрын қажетті құрал-саймандарды сайлап алу қажет. Оларды өзіңіз таңдап жүріп, бағасына қарап сатып аласыз.


Сонымен, алдыңғы әйнекті ауыстыру үшін алдымен не керек?

Қыры бар металл немесе шыныны орнынан алуға арналған арнайы пышақ;

• Ескі герметиктің қалдықтарын тазартуға кәдімгі пышақ;

• Майды жоютын сұйықтық;

• Герметик жағылатын пазаның бетін дайындау үшін «грунтовка»;

• Шыны жапсыруға арналған герметик;

• Герметиктің «тапаншасы»;

• Активатор – ескі герметиктің жолағына жағу үшін;

• Орнатылған шыныны бекітуге арналған «скотч»;

• Шынының периметрі бойынша айналасына орнататын түссіз резина – «молдинг».


Әйнек ауыстыру процесінің кезеңдері:

Алдымен ескі шыныны демонтаждаймыз. Арнайы пышақты шыны мен ойық арасына салып, ескі герметиктен ажыратылады. Пластикті зақымдамау үшін барынша абай болыңыз.


Алдыңғы әйнек желімделетін орынды дайындау:

• Құрылыс пышағымен ескі герметиктің қалдықтарын кесіп аламыз. Бұл жағдайда молдинг, яғни резина жарамсыз болып қалады. Сондықтан міндетті түрде жаңасын алып қою қажет.

• Жаңа шыныны орнына қою үшін алдын ала өлшеп аламыз. Кейбір модельдерде әйнекті ауыстыруға кедергі келтіретін арнайы тіректер болуы мүмкін. Ондай болса, маркермен шыныға белгі саламыз.

• Егер Сізде әйнекті қоятын тұғыр болмаса, онда жаңа әйнекке зақым келтірмеу үшін капоттан жұмсақ орын дайындау керек.

• Шыны былғанбас үшін орнататын жердегі май қалдықтарын тазалап тастаймыз.

• Грунттау. Шыныны ескі герметик қалдықтарының үстіне жабыстыра салған дұрыс емес. Өйткені байланыс дұрыс болмай қалады. Сол себепті бұрынғы герметикті тазалап тастау қажет.

Сосын активаторды қолданамыз. Ол герметиктің майда қалдықтарын өңдейді.


Жаңа алдыңғы әйнекті орнату:

• Герметик жағу. Бұл процестің маңызы өте зор. Герметикті жағу үшін пневмопистолетті немесе кәсіби «тапаншаны» қолданған жөн. Өйткені герметик тығыз әрі біркелкі жағылуы шарт.

• Одан кейін шыныны орнына қойып, арнайы резеңкені айналдыра бекітіп шығамыз. Егер бір жерінен артық герметик шықса, сүртуге асықпаңыз, кепкесін оңай алынады.

• Соңында бәрінің дұрыс екеніне көз жеткізгесін, шыныны арнайы скотчпен шанаққа жабыстырып қоямыз. Сонымен болды.

Маңызды!6-10 сағат ішінде автокөліктің есіктерін ашпауға тырысыңыз. Герметиктің толық қатқанын күту керек. Айта кетейік, герметик 0 градус және одан төмен болса, қатпайды.

Дайындаған: Б.Мейірхан,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Орындық қабын таңдағанда мына КЕҢЕСТЕРДІ қолданыңыз


Көлік салонын КОНДИЦИОНЕРСІЗ-ақ салқындатуға болады