Орындық қабын таңдағанда мына КЕҢЕСТЕРДІ қолданыңыз

0
2 542

Оларды таңдайтын кезде көптеген жүргізушілер дизайны, жайлылығы, кір жұқтырмауы деген секілді артықшылықтарына мән береді.


Орындық қабын таңдағанда мына КЕҢЕСТЕРДІ қолданыңыз

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

"Автокөлік орындығы үшін қандай қаптарды таңдау керек?" деген сұрақ әрбір жүргізушіні мазалайтыны анық. Өйткені нарықта әртүрлі материалдардан жасалған (велюр, экокожа, мата, винил және т.б.), түрлі үлгідегі және танымал өндірушілердің өнімдері сатылады. Кез келген құрал мәңгілік қаз-қалпында тұра бермейді. Дегенмен, біраз жылға төзетіндері баршылық. Сонымен, таңдауды қалай жасаймыз?


Орындық қаптарының түрлері

Орындық қабын сатып алар кезде неге назар аудару керек? Бірінші келген жүргізуші өзіне ұнайтын үлгіні таңдауы қажет. Өйткені нарықта әмбебап, ерекше сәнделген, сондай-ақ майка үлгісіндегі қаптар бар, ал олардың әрқайсысының өзіндік артықшылықтары болады.


Әр түрінің ерекшеліктері туралы қысқаша:

● Сәнді қаптар нақты бір көлік үлгісі үшін арнайы тігіледі, яғни көлікке құйып қойғандай жайлы болады және сәнін арттырады. Оған қоса, арнайы марка үшін тігілген қап орындықтың барлық жерін жауып тұрады.


● Әмбебап қаптар салоны ұқсас бірнеше үлгілерге арналып жасалады. Бағасы сәнді қапқа қарағанда айтарлықтай төмен, бірақ кейбір тесіктері мен ойықтар техникалық элементтерге сәйкес келмеуі мүмкін. Дегенмен, олар да орындықты толығымен жабады.


● Майка үлгісіндегі қаптар орындыққа оңай киіледі, күтімі де оңай, салыстырмалы түрде бағасы арзан, бірақ тез тозады және дизайны қарапайым болады.


Тігін материалы

Қазіргі нарықта әр түрлі материалдардан жасалған қаптар өте көп, әрі олардың сапалы немесе сапасыз екенін білу де қиын. Өйткен, дұрыс таңдау жасау үшін әр материалдың артықшылықтары мен кемшіліктерін білу керек.


Сұранысы мол материалдар:

● Табиғи тері ең қымбат материалдардың бірі, ол өз құнын толығымен ақтайды. Ұзақ пайдалана аласыз және көп уақыт бойы мінсіз көрініс беріп тұрады;


● Полиэстер. Салыстырмалы түрде арзан, бірақ берік материал. Кейде жақсы желдеткіші жоқ көліктерге салғанда, жаз мезгілінде кішігірім ыңғайсыздық туғызады;


● Экотері. Әрбір жүргізуші үшін оңтайлы нұсқа: ауа өткізеді, зиянды компоненттері жоқ, гипоаллергенді, жылдың жаз мезгілінде қызбайды, күтімге ыңғайлы.


● Велюр. Көрінісі әдемі, бірақ ластануға және тез тозуға бейім;


● Жаккард. Ұзақ пайдалану мерзімімен ерекшеленетін, бағасы қолжетімді, берік материал;


● Винил. Іс жүзінде жуылмайды, жаз мезгілінде қатты қызады және қыста ерісінше қатады;


● Алькантара. Табиғи «замштан» ешқандай айырмашылығы жоқ материал;


● Тері. Бұл материалдан тігілетін қапқа сұраныс өте көп. Өйткені ол сапалы, жаз бен қыста жайлы. Бірақ табиғи теріден бір саты төмен тұрады.


Автокөлік орындығына арналған қаптарының бағасы олардың түріне, қолданылатын материалға және өндіруші фирмаға байланысты. Бұл жабдықты сатып алардың алдында фирмалар туралы пікірлерді, әр материалдың артықшылықтары мен кемшіліктерін, сондай-ақ өнім түрі жайлы оқып алған дұрыс.


Қаптарға күтім жасау

Кейбір материалдардан тігілген қаптар ерекше күтімді талап етеді, ал кейбіреулеріне аса қатты күтім қажет те емес. Дгенмен оған үнемі ұқыпты қарап, күйдіру секілді әрекеттерден аулақ болу маңызды. Егер, ақтты кірлеп кетсе салонды тазалаған кезде оған да «химчистка» жасату ұсынылады.

Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Дөңгелек дискілерін ұнтақпен бояған ДҰРЫС ПА?


Жатып жүргізетін көлік НЕ ҮШІН керек болды