Автокөлік тарихында КӨПШІЛІК БІЛМЕЙТІН сыр көп

0
3 182

Ал Сіз олар туралы білесіз бе?


Автокөлік тарихында КӨПШІЛІК БІЛМЕЙТІН сыр көп

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Қазіргі уақытта адамдар осынау ғажап өнертабыстың қызметін күнделікті пайдаланады. Тіпті, көлігі жоқ үйлерді сирек кездестіреміз. Бірақ, сол «темір тұлпардың» тарихы туралы мол мағұлмат білетіндер саны аз. Ал тарихты ақтарсақ көптеген қызықты деректерді білуге болады. Солардың біршамасын оқырманға ұсындық, біле жүріңіз.


1. Рекордтың басы

Rolls-Royce компаниясы алғашқы жұмысын авиатехника мен автомобильдерге арналған қозғалтқыштар дайындаудан бастаған. Оның негізін 1906 жылы Фредерик Генри Ройс пен Чарльз Стюарт Роллс қалаған. Кейіннен олар осы жұмыспен тоқтап қалмай, автокөлік құрастыруды іске асырамыз деп шешкен. Содан, 1907 жылы Шотландияда өткен сынақтарда аталмыш компанияның Silver Ghost атты алғашқы көлігі 24 шақырымдық жолда рекорд орнатып, жеңіске жетеді.



2. Алғашқы қозғалтқыштар қалай жұмыс істеді?

Ең алғашқы автокөліктердің қозғалтқышы 1769 жылдан бастап шыққан және бумен жұмыс істеген. Ал 1807 жылдан бастап газбен жұмыс істейтін бірінші қозғалтқыш жарыққа шықты. Оның авторы – өнертапқыш Франсуа Исаак де Риваз. Ал қазіргі автокөлітердің прототипін 1886 жылы неміс құрастырушысы Карл Бенц жасаған. Ол көлік төрт циклді қозғалтқышпен, дискінің орнына сымтемірлер керілген дөңгелекпен және қуат бөлетін генератормен жабдықталған. Көлік "Benz Patent Motorwagen" деген атаумен тарихта қалды.


3. Талантты адам — барлық жерде талантты

Генри Форд бірден әлемдік брендке айналған автокөліктерді шығарумен айналыспаған. Жас кезінде ол мүлдем басқа іспен әуестенді — алғашқыда өз туған-туысқандары мен достары үшін сағат, бұралмалы шеге, әйелдерге ыңғаййлы қас тергіш сияқты механизмдер ойлап тапқан. Оның жылдар бойғы өнертабыстары жемісті болып, Генри Фордтың атына 161 зат патенттелген.


4. Табиғатпен үндескен

Volkswagen автокөлігінің үлгілеріне жел атаулары берілген. Мысалы, неміс тілінен аударғанда «Passat» — тропикалық құрғақ жел, «Golf» – танымал Гольфстрим ағысы, ал «Jetta» – қуатты ауа ағыны және «Поло» суық полярлық желмен байланысты.


5. Рекордтық сатылым

1954 жылы «Формула 1» жарысына қатысқан Mercedes-Benz W196R көлігі 2013 жылдың шілдесінде Бохумдағы аукционда 30 миллион долларға сатылып, рекорд орнатқан. Оның алдында бұл рекордтың иесі 1957 жылғы жарысқа қатысып, Калифорния аукционында 16,4 миллион долларға сатылған «Ferrari Testa Rossa» көлігі болған.


6. Рөлсіз көлік

Көлікті рөлсіз елестету мүмкін емес. Алайда, ең алғашқы көліктерді рычаг арқылы басқарған. Рычагтың көрінісі мен функционалдық құрылысы қазіргі ойын джойстиктеріне ұқсайды.


7. «Халық автокөлігі»

Volkswagen Beetle автокөлігі Адольф Гитлердің бұйрығы бойынша шығарылған. Оның жобасын Фердинанд Порше жасап шыққан және сыртқы дизайнын Гитлердің өзі ойлап табуы мүмкін деген нұсқа да бар. 1930-шы жылдардағы ең танымал «Volkswagen Beetle-ді» неміс тілінен аударғанда «халық автокөлігі» дегенді білдіреді.


8. Танымалдылықтың бір түрі

Көптеген танымал әндердің авторы, орындаушы және гитарист Боб Марли бір кездері BMW компаниясының ең танымал көлігін сатып алған. Алайда, ол көлікті беделіне байланысты емес, ямайкалық регги-тобының аты-жөні өзінің атына сәйкес келетіндіктен, ерекшелену үшін алған екен.


Дайындаған: А.Мейірхан,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Бейнежазба жүргізушіні СОТТА қорғай алады


Көлікті тұраққа ДҰРЫС қойып жүрсіз бе?