Көлікті тұраққа ДҰРЫС қойып жүрсіз бе?

0
3 019

Тұрақтағы маневрлер рөлге жаңадан отырғандарға ғана емес, кейбір тәжірибелі жүргізушілерге де қиындық тудырады.


Көлікті тұраққа ДҰРЫС қойып жүрсіз бе?

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Жеті мың жыл бойы ат үстінде жүрген адамдар өткен ғасырда көлік міне бастады. Айдап үйренді, жөндеп үйренді. Ал, автотұрақ кейбір қателіктерді кешірмейтін тұтас ғылым іспеттес. Өйткені көлікті тұраққа дұрыс қою – өз тыныштығыңыздың, көліктің шығынға ұшырамауының және өзге жүргізушілердің алғысын алудың кепілі. Бүгін Сізге осы мақсатта кеңестер ұсынамыз.


Тұрақтағы қателіктер

Көбіне тәжірибесіз жүргізушілер тұрақтағы бос орнының және көліктің көлемін дұрыс есептей алмайды. Кемшілікті түзету үшін арнайы автодромдағы жаттығу алаңына барып, белгіленген сызықтар арқылы тәжірибе жинау қажет. Бар ынта-жігерді салып, өзіңізді сынап көріңіз. Дегенмен, бұл барлығына міндетті емес. Әдетте жүргізушілердің тәжірибесі уақыт өте келе толысады. Бірақ, соған дейін қысылтаяң тұстарды қиналуыңыз әбден мүмкін.

Тағы бір қателік – көлік айналардың көмегін дұрыс қолдана алмау. Көптеген адамдар айнаның көрсететін көлемі шағын болғандықтан, әйнектен басын шығарып бақылайды. Дегенмен, бұл кемшілікті түзету арқылы көлік басқару шеберлігін арттыра аласыз.


Электронды көмекшілер

Өнертапқыштар жүргізушілердің жүгін жеңілдету үшін тұрақта көмектесетін әртүрлі құрылғыларды ойлап табады. Олардың ішіндегі ең танымалы – «парктроник». Ол дыбыс немесе бейне арқылы көлік пен қандай да бір кедергінің арасы қаншалықты жақын екенін көрсетеді. Тіпті, «премиум-класс» көліктерде жүргізушінің көмегінсіз тұраққа қоятын көмекші технологиялар болады.


Тұрақтағы сауаттылық


Бүгінде мәдениеті шарықтаған кейбір еуропа қалаларының көшелерінен бампердің көмегімен өзге көлікті итеріп, өзіне орын босатып алатындарды байқауға болады. Бірақ, біздің менталитетіміз бампердің сырылуын қалыпты нәрсе деп қабылдамайды. Керісінше, оның арты дауға ұласып жатады. Сондай-ақ, тұраққа арты және алдымен, параллель, перпендикуляр және диагональ бойынша қоюға болады.


Параллельді тұрақ

Екі көліктің арасындағы шектеулі кеңістікке кіру өте қиын. Бірақ, оны игергеннен кейін тұраққа кіріп-шығу оп-оңай болып қалады. Тұраққа параллель қою үшін басты шарт – мүмкіндігінше ең төменгі жылдамдықпен қозғалу.

бұл әркетті сөзбен айтып түсіндіру қиын болғандықтан мына видеоны ұсынамыз немесе ғаламторға жазып тауып алға болады:


Перпендикулярлы тұрақ

Бұл күлкілі көрінуі мүмкін. Алайда, мүлдем орын таппаған кезде өзге көліктерге перпендекуляр орналастыруға болады. Ең бастысы екі көліктің арасында көлік сыятын және есік ашылатын кеңістік болу керек. Дегенмен, бұл әдіс көлігінің көлемі кішілерге тиімді, ал үлкен болса жол қозғалысына кедерге келтіреді.


Диагоналды тұрақ

Бұл ең қарапайым, көбіне сауда орталықтарында қолданылатын әдіс. Мұндай тұраққа белгіленген траекториямен кіріп, дәл солай шығу қажет. Осы кезде екі нәрсені есте сақтаңыз: көлікті өзіңізге ыңғайлы, қауіпсіз жерге қойыңыз және басқа жүргізушілерге кедергі жасамаңыз.


Ұсыныс

  • Тұраққа қоймас бұрын, бұл жердегі кеңстік жеткілікті ме, басқаларға кедергі келтірмейсіз бе, соны ойланып алыңыз.
  • Есіңізде болсын, көлігіңізді тек рұқсат етілген жерге қойыңыз. Себебі, дұрыс қойылмаған көлік иесі әрқашан кінәлі болады.
  • Тұрақтың бәрі қауіпсіз деп ойламаңыз. Яғни, құрылыс жүріп жатқан немесе шатырдан аулақ қойған жөн.
  • Егер Сіз тұраққа артқа жүріп қоятын болсаңыз,басқа жүргізушілерге ескерту ретінде "апаттық белгіні" жағып қойыңыз.
  • Айнаға сенбесеңіз, басты бұрып қараңыз және тұраққа қалай кіруді ғана емес, шығуды да ойлаңыз.


Дайындаған: А.Мейірхан,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Білесіз бе? Көлік түсінің ЕКІ ЖҮЗДЕН астам түрі бар!


Бейнежазба жүргізушіні СОТТА қорғай алады