Автокөлік туралы СІЗ БІЛМЕЙТІН деректер

0
3 243

Автокөлік туралы мәліметтер көп. Бірақ, біз сіздерге көпшілік білмейтін ақпараттарды ұсынып отырмыз.


Автокөлік туралы СІЗ БІЛМЕЙТІН деректер

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

  • 1865 жылы Англияда барлық өздігінен жүретін көліктерге жылдамдықты шектеу туралы заң қабылданған. Заңға сәйкес, қала шегінде көліктер 3 шақырым/сағ. Жылдамдықтан артық жүре алмаған. Ал, қала сыртында 6 км/сағ. Жылдамдығы бекітіліп, көліктің экипажы үш адамнан тұруы керек болған. Олардың біреуі күндіз қызыл жалаумен, ал түнде қызыл шаммен 50 метр қашықтықта жүруге міндетті болды. Дегенмен, 31 жылдан кейін ғана бұл шектеулер айтарлықтай жеңілдетілді.
  • Сынбайтын әйнек кездейсоқ ойлап табылған. Дәлірек айтсақ, 1903 жылы француз химигі Эдуард Бенедиктус байқаусызда нитроцеллюлозамен толтырылған колбаны жерге тастайды. Шыны жарылады, бірақ кішкене бөліктерге шашырамайды. Сөйтіп, оны түсінген Бенедиктус жол апатынан зардап шеккендердің санын азайту үшін заманауи типтегі алғашқы әйнектерді жасай бастаған.
  • Оңтүстік Кореяның 69 жастағы Чха Са Сун есімді азаматы 2010 жылы жүргізуші куәлігін алған. Дегенмен, ол емтихандарды тапсырудың алғашқы әрекетін 2005 жылы жасап, бірақ бәрі сәтсіз болған. Содан бері ол емтиханның теориялық бөлігін күн сайын дерлік тапсырып, 950-ші рет кедергіні бұза алады. Сөйтіп оның қайтпас мінезіне тәнті болған Hyundai компаниясы оқиғаны сәтті аяқтағаннан кейін көлік сыйлаған.
  • Mitsubishi Pajero көлігі Испания нарығында Mitsubishi Montero ретінде ұсынылады. Өйткені жергілікті жаргон бойынша «pajero» сөзі "пахеро" деген бейәдеп сөзді білдіреді екен. оқылады) "онанист"дегенді білдіреді.
  • Формула-1 автожарысына әйелдер ерлермен тең дәрежеде қатыса алады. Жарыс тарихында Формула-1-ге тек бес әйел қатысып, олардың тек екеуі ғана жарысты аяқтай алған. Сондай-ақ, 1975 жылы олардың бірі – итальяндық Лелла Ломбарди гран-придің бірінде ұпай жинай алған. Бірақ, бірде-бір әйел бұл табысты қайталай алмады.
  • Швецияның SAAB компаниясы 1937 жылы құрылып, бастапқыда тек әскери ұшақтар шығарған. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін компания жаңа нарыққа шығып, автомобиль өндірісін құруға шешім қабылдайды. Ensaab деп аталатын алғашқы прототипті 16 инженер тобы жасаған. Олардың біреуі де бұрын автомобиль дизайнымен айналыспаған және тек екеуінің ғана жүргізуші куәлігі болған.
  • 1930 жылы американдық Чарльз Крейтон мен Джеймс Харгис Нью-Йорктен Лос-Анджелеске дейін көлікпен сапар шеккен. Бір қызығы – олар 11 мың шақырымнан астам жолды артқа қарап жүріп өткен.
  • 1909 жылы жасалған Мерседес-Бенц логотипіндегі үш сәулелі жұлдыз брендтің құрлықтағы, судағы және әуедегі жетістігін білдіреді. Яғни, бұл брендтің иелері – Даймлер компаниясы автомобильдерден бөлек, кеме мен авиациялық қозғалтқыштар өндіреді.
  • Мас күйінде көлік жүргізу әлемнің көптеген елдерінде қатаң жазаланады. Бірақ Уругвайда, керісінше, жол қозғалысы ережелерін бұзған жүргізуші мас күйде болса, жазасы жеңілдетілуі мүмкін.
  • Порше көліктерінде оталдыру кілті әдетте рульдің сол жағында орналасады. Бұл дәстүр Ле Манның алғашқы 24 сағаттық жарысынан басталған. Нақтырақ айтсақ, ол кездегі жарыста жүргізушілер көліктеріне жүгіріп барып мініп, қозғалуы керек болған. Тиісінше, оларға рөлдің сол жағындағы кілтті табу оңай болған екен.
  • Германияның Фрайбург қаласында беделді Фаубан тұрғын ауданы бар. Онда автомобильдерге мүлдем тыйым салынған, бірақ бұл жерде жылжымайтын мүлік үлкен сұранысқа ие. Аудан шекарасында көлік қалдыруға болатын арнайы гараждар бар, ал тұрғындар жаяу немесе велосипедпен жүреді.
  • "Land Cruiser" Toyota көлігінің атауындағы Land сөзі басқа компанияның атауынан — "Land Rover" сөзінен алынған. Бұған дейін «Land Cruiser» «Toyota Jeep» деп аталды. Өйткені жапондықтар джипті машинаның бір түрі деп ойлады, бірақ шын мәнінде Jeep бренді Chrysler компаниясына тиесілі болатын.
  • Финляндия үшін LADA Калина көлігінің экспорттық атауы – Lada 119. Өйткені фин тілінен аударғанда «Калина» «жарылыс, гүрілдеу, сықырлау және қағу» дегенді білдіреді.
  • 2008 жылдың мамырындағы жағдай бойынша 18 миллионнан астам адам тұратын Каирде 9 ғана бағдаршам болған.
  • Жол қозғалысының алғашқы ережелерін жасаған американдық Уильям Фелпс Эно ешқашан көлік жүргізбеген.
  • Шотланд физигі, радарды ойлап тапқан Роберт Уотсон-Уотты бір кездері жылдамдықты асырғаны үшін полиция қызметкері тоқтатқан. Сонда ол "егер мен онымен не істейтініңізді білсем, радарды ешқашан ойлап таппас едім!» деген екен.
  • Оңтүстік Африка заңнамасы адамның өміріне немесе мүлкіне қауіп төндіретін болса, өзін-өзі қорғаудың кез келген дәрежесіне мүмкіндік береді. Мәсәлен, олар автокөліктерін ұрылардан қорғау үшін тұзақ, мылтық, тіпті жарылғыш заттар қолдана береді.
  • 100 км/сағ жылдамдықтан асқан алғашқы көлік – электромобиль болған. Оны 1899 жылы Бельгиялық жарыс жүргізушісі Камилл Женатци жасаған.
  • Үш нүктелі қауіпсіздік белдіктерімен жабдықталған алғашқы көлікті 1959 жылы Volvo шығарды.
  • Барлық уақытта ең көп сатылған көлік – Фольксваген қоңызы. Бүкіл әлем бойынша 22 миллионнан астам "қоңыз" сатылған.



Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Франция президенттері ҚАНДАЙ КӨЛІК мінеді?


Кроссоверлер туралы өндірушілер АЙТПАЙТЫН ҚҰПИЯЛАР

Бөлісу