Франция президенттері ҚАНДАЙ КӨЛІК мінеді?

0
5 380

Олар отандық өнімді қолданған.


Франция президенттері ҚАНДАЙ КӨЛІК мінеді?

PEUGEOT 604-тен PEUGEOT 5008-ге дейін: Франция Президентінің автомобильдеріндегі бренд тарихы


Мемлекет басшыларының автокөлігі көлік құралы ғана емес, сонымен қатар, Отандық автоөнеркәсіптің жарнамасы, елдегі бірінші адамның өмірі мен денсаулығын қорғауға қабілетті құралы болып саналады. Осы орайда, PEUGEOT автокөлік компаниясы Франция президенттеріне жарты ғасырдан астам уақыт бойы қызмет етіп келеді. Атап өтсек, Валери Жискар д'Эстен мінген PEUGEOT 604-тен бастап Елисей сарайының қазіргі басшысы Эммануэль Макронның PEUGEOT 5008 көліктеріне дейін шығарды.


Алғаш рет 2017 жылы Франция президенті болып сайланған Макрон PEUGEOT 5008 көлігінің қызметке кірісу рәсіміне келіп, өз кезегінде бұл көлікті белсенді пайдаланды. Бұл жайлы Францияның бұқаралық ақпарат құралдарында жиі айтылса да, қауіпсіздікті сақтау мақсатында Президенттік автокөліктің сипаттамасы құпия сақталған. Алайда, бұл PEUGEOT 5008 көлігі де басқа пежолар сияқты Ренндегі зауытта өндірілгені белгілі. Содан кейін ол Бретаниде орналасқан CENTIGON фирмасына жеткізіліп, ондағы мамандар көлікті қорғаныс құралдарымен, атап айтқанда броньмен жабдықтаған. Президенттік көліктің артында үш орындық диван емес, екі бөлек кресло орналасқан және жалпы, көлікке қажетті барлық нәрсе бар.



Президент Милиеранның Peugeot type 156-сы

Peugeot көліктерінің тарихын экс-Президент Александр Милиеранның көлігінен бастауға болады. 1920 жылы сайланған Бесінші Республиканың үшінші президенті 1921 жылдан бастап Peugeot Type 156-ны қолданған екен. Бұл ресми лимузин емес, жеке көлік болды. 25 аттың күші бар автомобиль өз уақытындағы ең мықты көлік болған.


PEUGEOT 604 – Валери Жискар д ' Эстена

1975 жылы президенттікке келген Жискар д ' Эстен PEUGEOT брендінің жанкүйері болған және сол жылы брендтің жаңа флагманы PEUGEOT 604 көлігін иеленген. Айтпақшы, Франция мемлекетінің бұл басшысы ел тарихында алғаш рет қара емес, қою жасыл түсті таңдаған.

Бұл Президенттің Елисей сарайындағы гаражы жеті жыл бойы Peugeot 604-пен толықтырылған. Олардың үшеуі SL-дің жоғарғы нұсқасында, 2.6 литрлік және қуаты 136 ат күшіне тең V6 қозғалтқышымен жабдықталған. Бұл машиналарды анда-санда Жискар д ' Эстеннің өзі басқарған екен.



Франсуа Миттеранның брондалған Peugeot 605 көлігі

1991 жылы PEUGEOT 605 президенттік гаражға түсіп, оны Labbé компаниясы ұзартып, толығымен брондады. Машина 170 ат күшінің қуаты бар V6 қозғалтқышымен, бронды болаттан жасалған корпуспен және оқ өткізбейтін әйнектермен жабдықталған. Арнайы нұсқаның салмағы 2500 келі болды, яғни дәл осындай көліктерден 1000 келі ауыр болған. Лимузин көбінесе шет мемлекеттер басшыларының кездесуі үшін пайдаланылды.



Президент Ширактың Peugeot-сы

Президент болған 12 жыл ішінде Жак Ширак бірнеше PEUGEOT 607 машиналарын қолданды. Бірақ, халық жадында және зайырлы шежіреде Француз президентінің әйелі Бернадетт басқарған 1984 жылғы ашық қызыл PEUGEOT 205 SR қалған екен.


Николя Саркози – Peugeot 607 Paladine

PEUGEOT 607 Paladine — бұл президенттік лимузиндердің ішіндегі ең жарқын үлгі. 2007 жылы Президент болып сайланған Николя Саркозидің командасы көлікті ұзақ талғап, 2000 жылы Женева автосалонында ұсынылған PEUGEOT 607 paladine машинасын пайдалану туралы ұсыныс білдірген. Бұл бес метрлік лимузиннің салоны былғарыдан тігіліп, кіріктірілген электрлік реттеу сияқты басқа да жағымды жабдықтары болды.

Содан, Саркози командасының өтініші бойынша лимузин Peugeot мұражайынан шығарылып, 2007 жылы 16 мамырда Президентті ұлықтау рәсіміне жеткізілді. Алайда, шатырдың механизмі жанармай багының көлемін азайтуды талап етеді. Оған қоса, ұзартылған лимузиннің салмағы мен v6 қозғалтқышының шығын ескеріліп, PEUGEOT 607 Paladine мұражайға қайта оралды және ешқашан пайдаланылмады.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


Жүргізушілер үшін: Түнгі сапарға арналған ӨТЕ ПАЙДАЛЫ кеңестер

Қозғалтқыш майларын араластыруға БОЛА МА?