Автокөліктен шыққан ДЫБЫСТАР қай жері БҰЗЫЛҒАНЫН білдіреді

0
2 232

Көлікті дыбысынан "түсінсеңіз", ақауын да тез табасыз.


Автокөліктен шыққан ДЫБЫСТАР қай жері БҰЗЫЛҒАНЫН білдіреді

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Қазіргі заманның заманауи автокөліктері әйбат, бірақ ең жақсысы оның жаңа кездегісі ғана. Бірнеше жыл мінген соң автокөліктің пайдалану уақыты жеткенде "тарсылдап", "дүңкілдеп", тіпті "ысқыра" бастайды.

Бұл - көліңтің егесіне берілген "белгі". "Менің мына жерім "ауырып" тұр, жөндеу керек" деп "тіл қатып" жатыр деп түсіну керек оны.

Ол қандай дыбыстар? Оны қалай "түсінеміз"?


Беріліс қорабындағы (КПП) шуыл

Егер де мотор бос жұмыс істеп тұрған кезінде беріліс қорабында белгісіз бір шулар шыға бастаса, онда мойынтіректерді (подшипники) немесе тісті доңғалақтарын (шестеренка) тексеру қажет. Көліктің беріліс қорабын шешіп, барлық бөлшектерін ажыратып алу керек. Әрине, бұл жұмыстардың бәрі жақсы жабдықталған шеберхана жасалғаны дұрыс. Беріліс қорабында шу шыққан күнен бастап екі айды ішінде істеу керек, әйтпесе жолда қалып, эвакуатор шақыруыңыз әбен мүмкін.

Егерде шу басқыны (педаль) басқанда оны қайта жіберер кезінде естілмей қалса, онда сықпа мойынтіректі (выжимной подшипник) тексеру керек. Оны екі аптаның ішінде ауыстырыңыз, әйтпесе мойынтіректер (подшипники) шашылып, беріліс қорабын (КПП) ауыстыра алмауыңыз мүмкін. Ал, егер басқыны (педаль) басқанда «ысқырық» дауысы шықса, онда сығу мойынтірегінің негізінен ажырағандығын білдіреді. Бұл ақауды алты ай ішінде қызмет көрсету орталығына көрсеткен дұрыс.


Автокөліктің артқы тежегішінің мәселесі

Автокөлікті тежеу кезінде жүргізуші шу естиді немесе шанақ дірілдей бастағанын сезеді. Бұл құбылыс көбінесе дымқылды ауа-райы кезінде пайда болады. Мұның себебі - қалыптардағы немесе тежегіш барабандарындағы тоттың пайда болуы. Бұл жағдайда кішкене қашықтықты өткеру керек, сөйтіп қол тежегішті тартқанда үйкелістің арқасында тоттың қабаты жойылады.


Рөлді бұрғанда дыбыстар шықса...

Ақау редуктордағы немесе рөл рейкісіндегі басты роликтің (главной червячно-роликовой передачи) тозуы кезінде туындауы мүмкін. Оның нәтижесі рөлді әр жаққа бұрған кезде үнемі жағымсыз дауыстар пайда болады. Мәселені шешу үшін басқару білігін (рулевой вал) реттеу және оны майлау қажет. Егер, тегіс емес жолда қозғала отырып, сіз дүрсілдің дауысын естісеңіз, онда рөл тартқышыңызды (рулевая тяга) жедел түрде ауыстыруыңыз керек.


Тарсылдаған дыбыс

Автожүргізушілерді амортизаторлардың ақауы сирек мазалайды. Бірақ мәселе дәл осы бөлшекке келгенде, тегіс емес жолмен жүргенде тарсылдаған дауыстар жақсы естіледі. Оның себебі - резеңкеден жасалған төлкенің (втулка) және жастықшаның (подушка) тозуы.

Автокөлікті екі жаққа қарай шайқаңыз, сондай-ақ бөгде дыбыстардың жоғын тексеріңіз. Автокөлікті шайқаған кезде көлік шанағы әлде бір күштің әсерінсіз өзі тербеледі. Мұндай амортизаторлармен тез жүруге болмайды, себебі тежеу кезінде тоқтау екі есеге қиындай түседі. Егер амортизаторда май ағып кетсе, онда мұндай бөлшекті дер кезінде ауыстыру қажет.


Дөңгелектен "ысқырған" шықса...

Жүргізуші автокөлікті тоқтатарда тежегіш пердалін басқанда дөңгелек дискісі қайралып, шыққан ысқырық дауысы күшейе түседі. Мұндай жағдай жаңа қалыптарда (колодка) пайда болады. Себебі, белігілі бір бөлшегі қажалып болмағанда сондай дауыс шығарады, ол жағымсыз дыбыстар жақын арада өздігінен жоғалып кетеді. Немесе қалыптарда (колодка) ақау бар болса, соны салдарынан да сондай жағымсыз дауыстар шығаруы мүмкін. Оны тез арада ауыстру керек.

Арзан тәсілдердің бірі - тежегіш дискісін жонып, қалыптарды (колодка) қайрақтың көмегімен қайрау қажет.

Әртүрлі дереккөзден дайындаған: Р.Пернебекұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Көлігіңіз гүрілдей ме? Көліктен шығатын шуылдың мөлшерін анықтайтын радар пайда болды


"Екі сиырға ауыстырасың ба?": Шымкенттік жігіттің жарнамасы KOLESA.KZ-ті ШУЛАТЫП жатыр