Бұл кеңестер әрбір автокөлік иелеріне АУАДАЙ ҚАЖЕТ! Байқап көріңіз

0
5 536

Бүгінгі мақалада біз Сіздерге қарапайым болғанымен, пайдасы өте көп кеңеңстерді ұсынамыз.


Бұл кеңестер әрбір автокөлік иелеріне АУАДАЙ ҚАЖЕТ! Байқап көріңіз

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Бұл кеңестердің бір бөлігі маусымдық сипатқа ие, ал кейбіреулері жылдың кез келген маусымында өз пайдасын тигізеді.


Көліктің "фарасын" қалай тазартуға болады?

Көліктің фарын тіс пастасымен тазалау керек, біріншіден – өте оңай және тиімді, екіншіден – нәтижесі Сізді таң қалдырады. Өйткені бұлай тазалағаннан кейін жарықтың берілуі айтарлықтай күшейді.


Шанақтағы (кузов) майысқан жерді түзетіп алуға болады

Көлік кузовындағы шамалы ғана майысқан жерлерді күшті магниттің көмегімен түзеуге болады. Ол үшін магнитті майысқан жерге жабыстырып, өзіңізге тартасыз. Алайда, тәсіл қарапайым болғанымен, бояу жабынына зақым тигізіп алуыңыз мүмкін. Сондықтан, өзіңізге сенімсіз болсаңыз, түзету жұмыстарын мамандарға тапсырыңыз.


Әйнек буланбау үшін...

Жылдың суық мезгілінде терезелердің булануы – барлық жүргізушілер үшін ортақ мәселеге айналады. Ал оны болдырмау үшін, көлік әйнегін таза, дымқыл шүберекпен сүртіңіз.


Белгілі бір уақыт аралығында қозғалтқышты жуып тұрыңыз

Иә, бұл оңай шаруа емес, сондықтан бәрлығын сапалы етіп жасайтын шеберлер табу керек. Ал, тазалап жүру өте маңызды, өйткені таза қозғалтқыштан қандай да бір сұйықтықтың ағып жатқанын және нақты қай жерінде екенін жылдам анықтауға болады.


Жанармай таусылса не істеу керек?

Егер бактағы бензин деңгейі нөлге түсіп қалса, жақын жердегі жанармай құю бекетіне дейін жететін бензин тауып алудың жолы бар. Нақтырақ айтсақ, әдетте, "бензобакта" 3-4 литр бензин қалып қояды, бірақ сорғы оларды тарта алмайды. Ал, сол бензинді пайдалану үшін резеңке шарды немесе тығыз полиэтилен пакетті аласыз және оған шамамен 1 литрдей кез келген сұйықтық құясыз. Сосын, жіп алып, бір ұшын пакетке, бір ұшын бензобактың қақпағына байлап, қолдан жасалған ыдысты бакқа саласыз. Осылайша сіз бензин деңгейін көтере аласыз.

Бірақ абай болыңыз!


Салондағы жағымсыз иісті кетіруге болады

Көлік салонында жағымсыз иіс (мысалы, сіңіп қалған темекі түтіні) болса, сода, кофе немесе белсендірілген көмір арқылы жоюға болады. Ол үшін жәй ғана осы заттарды салонға немесе жүксалғышқа түнімен салып қоясыз және иіс жоғалғанша қайталау керек. Ең бастысы – бұл тәсілді жасамас бұрын, салонды тазалау қажет.


Үлкен тұрақтағы көлігіңізді тез тапқыңыз келе ме?


Әрине, кейбіреулер бұған күледі, бірақ үлкен тұрақтарда көлігін жоғалтатын адамдар көп, әсіресе бейтаныс қалаларға барған кезде. Ал, адаспай табу үшін көлік тұрған жердегі ерекше бір нәрсені суретке түсіріп алыңыз. Сондай-ақ, көлігіңізде дабыл бар болса, «үрей» режиміне қосып қойыңыз.


Тырнаққа арналған лактың да автокөлікке пайдасы бар


Тырнаққа арналған лак – жүргізушілер үшін таптырмайтын құрал. Себебі, осы затпен әйнектегі жарықты майлауға, тас тиген жерге жағуға және тот басудың алдын алуға болады. Әдетте, лактардың түссіз түрін қолданып жатады, алайда қазіргі уақытта сіздің көлігіңіздің түсімен сәйкес келетін лак тауып алу оп-оңай.


Панельді жып-жылтыр еткіңіз келсе...

Панельді жып-жылтыр етіп сүрту үшін жиһазға арналған полирольді қолданған дұрыс (егер сіз арнайы авто-косметикаға шығындалғыңыз келмесе). Ол үшін осы құралмен панельді сүртіп, артынан таза әрі құрғақ матамен сүрту керек.


Түнгі сапарда сергек болу үшін...


Егер сіз түнгі сапарлар кезінде сенімсіздікті байқасаңыз, онда тілдің астына лимонның жұқа тілімін салыңыз, бұл ескі әдіс түнде көру өткірлігін арттыруға көмектеседі.


Көліктің есігін майыстырып алудан сақтаныңыз


Егер гаражыңыз тар болса, Сіз үнемі есікті ашқан кезде «қабырғаға тиіп, майысып қалар ма екен" деп қорқып жүресіз. Бұдан құтылу үшін қабырғадағы есіктің бірінші тиетін жеріне мынандай резеңке жолақ орнатып қойыңыз.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Жүргізушілердің назарына: көлікке дұрыс отырып жүрсіз бе? (видео)


Әйелдерге арналған ең қолайлы көліктер қайсы?