Әйелдерге арналған ең қолайлы көліктер қайсы?

0
6 110

Қазіргі өмірдің қарқыны өз ережелерін қалыптастырып жатыр, оның ішіндегі ең бастысы – мобильділік. Еске алсақ, 20-30 жыл бұрын көлік жүргізетін әйелдер өте аз болған. Ал бүгінде, бағаның құлдырауына, несиелердің болуына, көлік құралдарының қол жетімділігіне, сондай-ақ автомектептердің көп болуына байланысты, әйелдердің де көлік жүргізуі ер адамдар сияқты үйреншікті көрінеді.


Әйелдерге арналған ең қолайлы көліктер қайсы?

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден


Статистика әйелдер туралы не дейді?

Әлбетте, ер адамдар әйелдерді жүргізуші ретінде қабылдай алмайды. Алайда, өздеріне деген сенімсіз көзқарасқа қарамастан, әйелдер темір тұлпарларды сәтті игеріп, өзінің жүргізуші дағдыларын арттыруда. Кейбір статистикаларға сүйенсек, әйелдер ерлерге қарағанда апатқа бірнеше есе аз түседі екен – бұл бірінші кезекте мұқият жүргізу және туа біткен ұқыптылықпен түсіндіріледі.

Сондай-ақ, әйелдер мен қыздарға арналған ең үздік автоүлгілер – хэтчбектер мен автомат қорапты көліктер екен. Мұндай көліктер күрделі қалалық жағдайларда жүруге жақсы, қарапайым, ыңғайлы және көп функционалды болып келеді.


Енді әйел жүргізушілердің таңдауы бойынша ең танымал көлік үлгілері мен олардың негізгі сипаттамаларын қарастырайық.


1. Daewoo Matiz

Бұл кішкентай көлік көптеген ерлердің көзіне күлкілі көрінуі мүмкін. Дегенмен, бұл оның танымалдығына кедергі бола алмайды. Себебі, Daewoo Matiz өте кішкентай болғанымен, салонның іші жайлы және орта денелі төрт адам жайлы орналаса алады. Бірақ ірі денелі адамдарға, әсірсе ерлерге отыруға ыңғайсыз.


Кузовтың кішкентай болуы – жүргізушінің қауіпсіздігін күшейтеді. Сондай-ақ, әзірлеушілер шатырды арнайы бекіткен, ал есіктерде апат кезінде қысылудың алдын алатын арнайы арқалықтар бар.


Сонымен қатар, жол-көлік оқиғасының салдарында бензин ағып, жанып кетпес үшін бұл көліктің жанармай багы өте берік пластикадан әзірленген. Жүргізуші мен жолаушылардың өмірін сақтандыратын ABS, екі қауіпсіздік жастықтары және қуатты тежегішпен жабдықталған.


2. Nissan Micra

Әйелдер қызығатын көптеген сәнді және шағын көліктер арасында бұл тұлпардың орны ерекше және ешқашан елеусіз қалмаған, бастысы – қыздар мен әйелдерге қолайлы. Себебі, көліктің бірегей дизайны мен дамытылған құрылысы ешкімді бей-жай қалдырмайды. Қозғалтқышының қуаты – 88 ат күшіне тең. Ал, 100 шақырымға жұмсалатын жанармай орташа есеппен – 5,5 литр, демек көп қаражат кетпейді.


Көлік салоны кейбіреулерге ыңғайсыз көрінуі мүмкін. Шын мәнінде олай емес, салонның ыңғайлылығы практика жүзінде бірнеше рет тексерілген – алдыңғы орындықтарда да, артқы жағында да бірдей ыңғайлы.



3. Toyota Yaris


Бұл шағын автокөлік нарықта алғаш рет 2006-2007 жылдары пайда болды және өте тартымды, биік талғамды тұлпар бірден жүргізушілердің назарын бұрып алды. Қарапайым Toyota Yaris ABS сақтандырғыш, жеті дана қауіпсіздік жастықшалар (тіпті жүргізушінің тізесіне арналған қорғаныштар да бар), есіктердегі мықты қорғаныс, дыбыс ұстауды жақсартуға арналған тығыздағыштар және кондиционермен жабдықталған.



Қозғалтқыш қуаты 87 ат күшін құрайды, ол қала және қала сыртындағы сапарлар үшін жеткілікті. Сондай-ақ, көлік кез келген көшелерде дұрыс жүре алады. Toyota Yaris-тің тағы бір ерекшелігі – мультимодальды беріліс қорабы, ол механика және автомат қораптың біріктірілген үлгісі.


4. Volkswagen Golf


Бұл көлік жайлылық пен көп функционалдықты жақсы көретін әйелдерге ұнайды. Оны тіпті сенімді адаммен салыстыруға болады, өйткені ол кең әрі мықты тұлпар. Көлікті басқару өте ыңғайлы және жеңіл, тежегіштері мықты, ішіне шу дыбыстары кірмейді және белсенді қызмет атқарады. Сонымен қатар, Golf өте ыңғайлы орындықтармен жабдықталған, тіпті өте ұзақ сапардан кейін де арқаңыз ауырмайды.


Ал, қауіпсіздік жастықтары алдыңғы жақта және жанында орналасқан. Сондай-ақ алдыңғы және артқы жағында отырған жолаушылардың басын қорғайтын қорғаныс перделері бар.


5. Citroen C3 (Ситроен C3)


Алдыңғы жетекті «В» класының хэтчбегі Париж автосалонында жасалған. Көлік тек әйелдерге емес, өте кең аудиторияға арналған және оның төрт нұсқасы бар. Салоны кең, өте мұқият және сапалы безендірілген, орындықтар өте ыңғайлы, жақсы қапталған және түрлі ұсақ-түйектерді салып қоятын орындар қарастырылған.

Қозғалтқышқа келетін болсақ, көлеміне байлынсты 1.2 кубта – 68, 82, 110 және 1.6 кубта – 75 немесе 100 ат күші болады.


6. Fiat 500 (Фиат 500)


«А» класының бұл хэтчбегі 2015 жылдың 4 шілдесінде шыққан. Көліктің негізгі жиынтығында жеті қауіпсіздік жастығы, ABS және ESC жүйесі және басқа да көптеген пайдалы функциялар бар. Сонымен қатар, кузовтың екі түсті бояуына және көп түсті ендірмелерге тапсырыс беруге болады.


Көліктің көлемі – 0.9 литр, қуаты – 85-тен 105 ат күшіне дейінгі екі цилиндрлі бензин қозғалтқышты немесе көлемі – 1.2 литр қуаты – 69 ат күшіне тең төрт цилиндрлі түрлері бар.


7. Skoda Fabia (Шкода Фабия)



Алғаш рет автокөлік 2014 жылдың қазан айында Париж автосалонында ұсынылған. Өндірушілер сатып алушыларға шатыры мен айналарын таңдау мүмкіндігін береді. Бұл ретте осы бөлшектердің түсі қалғандарынан өзгеше болады. Осылайша, көлік, оның арнайы қызметтерінен бөлек, ерекше сәнге ие болады.



Сондай-ақ, көліктің көлемі – 1; 1.2; 1.4 литр құрайтын түрлері бар. Ал, беріліс қорабы механикалық немесе роботталған болуы мүмкін.


8. Citroen C1 (Ситроен С1)


Хэтчбек алғаш рет 2014 жылдың наурыз айында Женева автосалонында ұсынылған. Бұл көлікті жасау кезінде француздар бірінші үлгілеріндегі барлық ерекшеліктерден бас тартып, жаңа үлгі әкелген.


Негізгі жиынтығында – ABS сақтандырғышы, шұғыл тежеу көмекшісі, алты қауіпсіздік жастығы, электрлендірілген әйнектер, орталықтанған құлып және USB қосылатын аудиожүйені бар.


Қозғалтқышқа келетін болсақ: 3 цилнидрлік, бензин көлемі 1 литр және 68 ат күші бар немесе 82 ат күші бар 1.2 литрлік үлгілері бар.


9. Kia Rio (Киа Рио)


«В» класындағы алдыңғы жетекті седан «Pride» деген атпен белгілі. Бұл модел 2014 жылдың қазан айында Парижде таныстырылған. Кіа-ның жаңартылған үлгісі мықты радиатор, бамперлер және дөңгелек дискілерімен ерекшеленеді. Өндірушілер сатып алушыларға сары және көк түсті екі нұсқасын ұсынады.


Ал салонның ішінде кондиционер, 7 дюймдік сенсорлық экраны бар мультимедиялық кешен бар. Сондай-ақ, көлемі – 1.2 литрлік 85 ат қуаты бар немесе 1.4 литрлік 105 ат күші бар түрлерін таңдауға болады. Беріліс қорабы механикалық және автоматты түрлері бар. Ал, 100 шақырымға кететін жанармайдың ең аз шығыны 3 литр болса, ең көбі 5 литрден асады.


10. MINI Cooper (МИНИ Купер)

Аталған хэтчбектің үшінші буынды үлгісі алғаш рет Лос-Анджелесте 2013 жылдың қараша айында таныстырылған. Жаңа үлгідегі көлік алдыңғылардың барлық басты ерекшеліктерін сақтап қалған және әзірлеушілер көлікті анағұрлым сыйымды етуге тырысқан, атап айтқанда – артында отыратын жолаушылар көбірек орын қалдырған.


Ал, салондағы басты жаңалық – көліктің электрондық жүйелерінің жұмысы туралы ақпарат беретін үлкен дисплей.


Көліктің көлемі – 1.5 литр және 136 ат қуаты бар немесе 116 ат қуаты бар дизельмен және бензинмен жүретін түрлері бар.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Жүргізушілердің назарына: көлікке дұрыс отырып жүрсіз бе? (видео)


Көлік кептелісінен құтылудың жолдары